Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік мұғалімдері анықталды

Нұр-Сұлтанда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі «Үздік мұғалім – 2020» кәсіби байқауы аяқталды. Елордаға аймақтық турлар жеңімпаздары – пән мұғалімдері келді. Зияткерлік мектептердің үздік педагогтері оқытудың жаңа стратегияларын, көшбасшылық әлеуетін, IT-ресурстары мен сыни ойлауды қолдануды, ата-аналармен және оқушылармен ынтымақтастық орнатудың табысты алгоритмдерін және өзге де жетістіктерін көрсетті. Үй тапсырмасы ретінде әзірленген «Оқушылармен тілдесу» және «Ата-аналармен тілдесу» [...]

Зияткерлер КТА ойналды

Зияткерлік мектеп оқушыларының көптен күткен арманы ақпанның 28-і күні орындалды. Өзін-өзі басқару ұйымының белсенді оқушыларының ұйымдастыруымен білім ордасының тарихында тұңғыш рет «Көңілді тапқырлар алаңы» өтті. 7-12 сынып аралығындағы оқушылар қатысқан сайысқа шаңырақтардан құралған 5 құрама команда қатысып, жиналғандарға тамаша көңіл-күй сыйлады. «RAKAMAKAFO», «HOMO SAPIENS», «АMBASSADOR», «Мәңгілік зияткерлер» және «5-302» топтары мектеп өмірі, белгілі тұлғалар туралы [...]

Ашық сабақтар байқауы басталды

Зияткерлік мектептің педагогтарға арналған тағы бір ерекше авторлық жобаларының бірі - Ашық сабақтар байқауы. Жыл сайын ұйымдастырылатын мектепішілік педагогтар сайысы мұғалімдердің тәжірибесін шыңдап, шынықтыру мақсатында өткізіледі. Биыл сайыс «Ең үздік кіріктірілген сабақ», «Профильді пәндердің ағылшын тілінде берілген ең үздік сабақ», «Еңі үздік зерттеу-тәжірибе сабағы», «Ең үздік кіріктірілген сабақ», «Цифрлы білім ресурстарын қолданылған ең үздік сабақ», [...]

CASPIAN STARTUP-2020: ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дәстүрлі стартаптар сайысына тіркелу басталды. Онлайн тіркелу 2020 жылдың 31-наурызына дейін жалғасады. Жарысқа өз стартапыңызды тіркеу үшін: ✅Caspianstratup.kz сайтына өтіп, онлайн форманы толтырыңыз; ✅Презентацияңызды жүктеп, өтінімді жіберіңіз; Жарысқа биыл бірқатар өзгерістер енгізілген. ✅Енді жарысқа Қазақстандағы 7-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысуға өтінім білдіре алады. ✅Байқауға қатысуға өтінім білдірген үміткерлердің [...]

ЛАУРА ТҮРКИЯДА «БИЗНЕС-МЕНЕДЖМЕНТТІ» ОҚИДЫ

Биыл мектеп тарихындағы үшінші түлектерін ұшылғалы отырған зияткерлер ордасында тағы бір қуанышты жаңалық! Оқу орнының 12-сынып оқушысы Лаура Орынғалиева Түркиядағы Кадир хас университетіне білім грантын жеңіп алды. Маңғыстау облысындағы жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылармен сынға түскен Лаура университет байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, «бизнес-менеджмент» мамандығының грантына ие болды. - Байқау бірнеше кезеңдерден тұрды. Пәндерден біліктілігіміз, ағылшын [...]

МІТ студенттері тағылымдамадан өтті

АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университетінің (МІТ) студенттері Октавио Вега мен Варша Сандади Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тағылымдамадан өтті, – деп хабарлайды НЗМ баспасөз қызметі. Үш аптаға созылған тәжірибе барысында студенттер мектеп мұғалімдерімен командалық сабақтар беріп, мектептегі БҰҰ Моделі жұмысын ұйымдастыруға оқушыларға көмек қолын созып, жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша кеңес берді. Октавио мен Варша [...]

Ақтаулық зияткерлкер Францияда су мәселесін көтерді

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Лионда өткен БҰҰ-ның Моделі халықаралық конференциясына қатысып келді. Олар «Су: өзгерістерге құлшыныс» тақырыбын талқылады. Көшбасшылардың басын қосқан жиынға Ақтаудан Нұркамал Алихан, Құралай Санат, Айдана Бакитова, Кәмшат Ақмұратова, Мирланбек Шаншаров, Ақбота Алпамысова, Дана Есбергенова, Ақжібек Сағындыққызы, Томирис Хисами есімді оқушылар қатысып, су тақырыбындағы өзекті мәселелерді шешуге арналған резолюцияларды қабылдады. «БҰҰ 2015 [...]

О профессиях будущего рассказали в Актау

  В ближайшем будущем появятся новые профессии такие, как  генетический консультант, медиаполицейский,  космобиолог, сити-фермер, техно-стилист, дизайнер виртуальной реальности. Об этом, и о навыках будущего  рассказали в Назарбаев Интеллектуальной школе г.Актау, на форуме юных лидеров. Традиционный форум был посвящен  на тему «Личностный рост студентов и школьников – важное решение актуальных проблем учебных заведений». - За свой пятнадцатилетний трудовой стаж я поменял 5 [...]

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУДА ӨЗГЕРІСТЕР БАР

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 2020-2021 оқу жылына 7-сыныпқа конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдауда өзгерістер бар. Бұл туралы «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі» алаңында өткен брифинг барысында мектеп директоры Ермек Пайзов мәлім етті. Енді үміткердің 3*4 көлемдегі фотосы қағаз түрінде емес электронды түрде қабылданады. Cонымен қатар, тұрғылықты мекен-жай туралы анықтама сұратылмайды. -  Қабылдау комиссиясының жұмысын барынша [...]

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ІІ желілік спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

Алматыда волейбол мен баскетболдан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы Желілік спартакиада өз мәресіне жетті. Ақтық мәреге спорттық жарыстың аймақтық кезеңінде топ жарған мектеп командалары қатысты. Алматы қаласы физика-математика және химия-биология бағыттарындағы Зияткерлік мектептерде үш күн бойы жалғасқан спартакиада тартысты бәсекелер мен достық ахуалда өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар спортқа деген сүйіспеншілікті еселендіріп, командалық рух пен зияткерлердің [...]