CASPIAN STARTUP-2020: ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дәстүрлі стартаптар сайысына тіркелу басталды. Онлайн тіркелу 2020 жылдың 31-наурызына дейін жалғасады.
Жарысқа өз стартапыңызды тіркеу үшін:

Caspianstratup.kz сайтына өтіп, онлайн форманы толтырыңыз;

Презентацияңызды жүктеп, өтінімді жіберіңіз;

Жарысқа биыл бірқатар өзгерістер енгізілген.

Енді жарысқа Қазақстандағы 7-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысуға өтінім білдіре алады.

Байқауға қатысуға өтінім білдірген үміткерлердің өтінімдері алдын-ала қабылдау комиссиясының қаралымынан жіті бақылаудан өткізілетін болады.

🔹Жарысты өткізу үшін биыл әр номинацияға 400 мың теңгеден 2 миллион теңге көлемінде жүлде қорын тіктік. Өткен жылғыдай 5 номинациядан финалға өткен 25 жобаның ішінен ең үздік бесеуін анықтайтын боламыз. Сондай-ақ, Yessenov University өздеріне ұнаған, мықты жобаларға білім гранттарын сыйға тартқалы отыр. Қазіргі таңда Маңғыстау облысындағы тәжірибелі кәсіпкерлердің басын қосып, серіктестер мен қазылар алқасын қалыптастырып жатырмыз, – дейді сайыс авторы, зияткерлік мектеп директоры Ермек Пайзов.

Өлкеде үшінші рет ұйымдастырылғалы отырған жарысқа «Mediana.kz» ІТ-компаниясы, Маңғыстау облыстық білім басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қолдау білдірді.

Барлық сұрақтар бойынша:
☎️ 8 (72 92) 70 10 66; +7 778 999 16 22.
📩 project@caspianstartup.kz; caspianstartupkz@gmail.com.