ЛАУРА ТҮРКИЯДА «БИЗНЕС-МЕНЕДЖМЕНТТІ» ОҚИДЫ

Биыл мектеп тарихындағы үшінші түлектерін ұшылғалы отырған зияткерлер ордасында тағы бір қуанышты жаңалық!

Оқу орнының 12-сынып оқушысы Лаура Орынғалиева Түркиядағы Кадир хас университетіне білім грантын жеңіп алды. Маңғыстау облысындағы жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылармен сынға түскен Лаура университет байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, «бизнес-менеджмент» мамандығының грантына ие болды.

– Байқау бірнеше кезеңдерден тұрды. Пәндерден біліктілігіміз, ағылшын тілін білу деңгейіміз, барлығына бақылау жүргізді. 100 пайыз грант алуым ұстаздарым мен ата-анамның сенімінің арқасы деп білемін, – дейді болашақ түлек.

Лаура енді зияткерлік мектептің қорытынды емтиханына дайындалып жатыр. Ол осыған дейін IELTS және SAT емтихандарын тапсырған.