Ашық сабақтар байқауы басталды

Зияткерлік мектептің педагогтарға арналған тағы бір ерекше авторлық жобаларының бірі – Ашық сабақтар байқауы. Жыл сайын ұйымдастырылатын мектепішілік педагогтар сайысы мұғалімдердің тәжірибесін шыңдап, шынықтыру мақсатында өткізіледі. Биыл сайыс «Ең үздік кіріктірілген сабақ», «Профильді пәндердің ағылшын тілінде берілген ең үздік сабақ», «Еңі үздік зерттеу-тәжірибе сабағы», «Ең үздік кіріктірілген сабақ», «Цифрлы білім ресурстарын қолданылған ең үздік сабақ», «Ең үздік дифференциация қолданылған сабақ» номинациялары бойынша өткізілуде. Сайысқа оқу орнының 28 мұғалімі қатысуда.

Ашық сабақтар наурыздың 5-іне дейін өткізілетін болады.