Beyim Synaq!

NIS-ке түсу үшін сынама тестілеуді онлайн тапсыруға болады! Бізде жақсы жаңалық бар. Енді Зияткерлік мектептерге оқуға түсуді жоспарлап жүрген оқушылар өз білімін оффлайнда ғана емес, онлайн түрде де сынап көре алады. Ол үшін бар болғаны екі батырманы бассаң жеткілікті. Сынама тестілеуді Play Market-тен және App Store-дан Beyim Synaq қосымшасын жүктеу арқылы өтуге болады. Онлайн емтиханның [...]

NIS Виртуалды мектебі өз жұмысын бастайды

9 қазанда 6-сынып оқушыларына арналған NIS Виртуалды мектебі өз жұмысын бастайды. Виртуалды мектеп – 5 және 6-сынып оқушыларын «Өркен» білім беру гранты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбында оқуға конкурстық іріктеуге дайындайтын тегін білім беру платформасы. Виртуалды мектептің «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Жаратылыстану» пәндерінен оқу бағдарламалары білім берудің тиімділігін арттыруға, баланың ынтасы мен [...]

2024-2025 оқу жылына арналған конкурстық іріктеу

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2024–2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін конкурс жариялайды. Құжат қабылдау 2024 жылғы 8 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүргізіледі. Кешенді тест 2024 жылғы 28, 29 наурыз күндері өтеді. Құжат қабылдау орындары мен конкурстың өту шарттары туралы толық [...]

«Өркен» гранты иегерлерінің тізімі және үміткерлердің резервтік тізімі

2023 жылы 11 сәуірде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқармасының отырысында 2023-2024 оқу жылына 7-сыныпта білім алу үшін конкурстық іріктеудің қорытындылары қарастырылды. Шекті балл жинаған үміткерлер оқу тіліне қарамастан бірыңғай сараланып, әр Зияткерлік мектепке бөлінген граннтың санына қарай «Өркен» гранты үміткерлерге тағайындалды және резервтік тізім бекітілді. «Өркен» грант иегерлерінің тізімі және әр мектеп [...]

Оқушылар ХІІ Наурыз кездесулерінде үздіктер қатарынан көрінді

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ХІІ Наурыз кездесулерінде үздіктер қатарынан көрінді. «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулеріне қатысқан «DolphEYE» жобасы жүлделі 3 орынды иеленді. Жоба авторлары: Мырзаәлі Асанов, Нұрлыбек Оңдаған. Жетекшілері физика пәнінің мұғалімі Ибалы Тоқтамысова. Үздік атанған QarapiymEmdeu робот-терапевті 2 орынға ие болды. Жоба авторлары: Данил Мухалев, Ұлан Айтбай және Камила [...]

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша пәндік Республикалық олимпиадаға қатысқан барлық оқушы жүлделі орындарға ие болды

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен жаратылыстану-математика бағыты бойынша Республикалық олимпиадаға қатысқан барлық оқушы жүлделі орындарға ие болды. Санжар Жакубов-химия пәні І орын Альмира Нурланова-химия пәні ІІ орын Дамир Нурланов-математика пәні ІІІ орын Жантөре Ғалымжан-информатика пәні ІІІ орын Сондай ақ Назарбаев Зияткерлік мектептері «Ең үздік олимпиадалық команда-2023» атағына ие болды. Барлық жеңімпаздарды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

Дамир Нурланов математикадан халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Дамир Нурланов математикадан халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды. 13-15 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында XXXV Қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы өтті. Халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша Дамир күміс медальді иеленді. АТМО олимпиадасына бір уақытта Аргентина, Австралия, Ресей, АҚШ, Канада, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика және [...]

В NIS г.Актау прошел городской хакатон где принимали участие ученики с разных школ

11-12 марта в NIS г.Актау прошел городской хакатон где принимали участие ученики с разных школ. Хакатоны призваны повысить осведомленность о навыках и компетенциях XXI века, вовлечь молодежь в STEM-профессии (ествественные науки, технологии, инженерию и математику), развить у молодежи цифровые и предпринимательские навыки и повысить мотивацию к реализации позитивных жизненных сценариев. Генеральным спонсором Хакатона, является Общественный [...]

«Әкеге құрмет. Ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі»тақырыбында әкелер форумы

Әкелер форумы мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттырып, әкенің отбасындағы тәрбиеде маңызды рөл атқаратындығын көрсету мақсатында өткізілді. Форумның пленарлық отырысында әкелер спикер ретінде сөз сөйлеп, әр түрлі тақырыпта ой қозғады. Алғы сөзді мектеп директоры Ринат Жұмабаев алып, әке ұрпақ тәрбиесінде ерекше рөлі атқаратындығын айтып, шараны сәтті бастады. Зияткерлік мектептің үздік түлектерінің әкесі Берік Мұханбетов «Бала [...]

Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту қайырымдылық жобасы

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Бейнеу ауданындағы Күйкен жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері, кітапханашылары мен психологтарына арналған педагогикалық іс-тәжірибе өткізілді. Іс-тәжірибенің алғашқы жартысында жатақхана тәрбиешілері әр-түрлі бағыт бойынша ашық сабақтар өткізді. Гүлнар Сәрсенғалиева «Оқыту мен оқу үдерісіндегі тиімді кері байланыстың ықпалы» тақырыбында семинар жүргізсе, «Домбыра үйренудегі тәсілдер» тақырыбындағы ашық сабақты домбыра үйірмесінің жетекшісі Гүлсім Тажмағамбетова [...]