Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ХІІ Наурыз кездесулерінде үздіктер қатарынан көрінді.
«Биомедицина, инженерия және
технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулеріне қатысқан «DolphEYE» жобасы жүлделі 3 орынды иеленді. Жоба авторлары: Мырзаәлі Асанов, Нұрлыбек Оңдаған. Жетекшілері физика пәнінің мұғалімі Ибалы Тоқтамысова.
Үздік атанған QarapiymEmdeu робот-терапевті 2 орынға ие болды. Жоба авторлары: Данил Мухалев, Ұлан Айтбай және Камила Куатова. Жетекшілері информатика пәнінің мұғалімі Мәди Медет.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!