Дамир Нурланов математикадан халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Дамир Нурланов математикадан халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды.

13-15 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында XXXV Қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы өтті.

Халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша Дамир күміс медальді иеленді.

АТМО олимпиадасына бір уақытта Аргентина, Австралия, Ресей, АҚШ, Канада, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика және т.б. әлемнің 43 елінің өкілдері қатысты.

Халықаралық олимпиадада үздік атанған Дамирді және жетекшісі метаматика пәнінің мұғалімі Алмаз Кенжановты құттықтаймыз!