«Өркен» гранты иегерлерінің тізімі және үміткерлердің резервтік тізімі

2023 жылы 11 сәуірде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқармасының отырысында 2023-2024 оқу жылына 7-сыныпта білім алу үшін конкурстық іріктеудің қорытындылары қарастырылды. Шекті балл жинаған үміткерлер оқу тіліне қарамастан бірыңғай сараланып, әр Зияткерлік мектепке бөлінген граннтың санына қарай «Өркен» гранты үміткерлерге тағайындалды және резервтік тізім бекітілді.
«Өркен» грант иегерлерінің тізімі және әр мектеп бойынша резервтік тізім келесі сілтемеде https://www.nis.edu.kz/kz/orken/index.html жарияланды.