Beyim Synaq!

NIS-ке түсу үшін сынама тестілеуді онлайн тапсыруға болады!

Бізде жақсы жаңалық бар. Енді Зияткерлік мектептерге оқуға түсуді жоспарлап жүрген оқушылар өз білімін оффлайнда ғана емес, онлайн түрде де сынап көре алады.
Ол үшін бар болғаны екі батырманы бассаң жеткілікті. Сынама тестілеуді Play Market-тен және App Store-дан Beyim Synaq қосымшасын жүктеу арқылы өтуге болады.
Онлайн емтиханның бірнеше артықшылығы бар. Жолға ақша шығындамайсыз, сонымен бірге тек белгіленген күндері ғана емес, өзіңізге ыңғайлы уақытта тесттен өте аласыз.
Онлайн тестілеуді тапсыру құны 5790 теңге. Бұл бұған дейінгі сынама тестілеулерден едәуір арзан.
– NIS балалардың Зияткерлік мектептерге оқуға түсуге шешім қабылдаған сәтінен бастап барынша қолайлы жағдай жасауға басымдық береді. Бұл қосымша біздің білім беру қызметімізге қолжетімділікті арттыру аясында жүргізіліп отыр. Ең алдымен ауылдық және шалғай аудандардағы мектеп оқушылары үшін бұл тиімді болады, – деді Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.