Жаннұр Мауытова – мектептің ең үздік мұғалімі

Ақтаудағы зияткерлік мектептің үздік мұғалімін анықтайтын байқаудың ақтың кезеңі қазаның екісі күні өтті. Білім ордасының “Үздік жыл мұғалімі – 2019” атағын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жаннұр Мауытова жеңіп алды. “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ желілік байқауының мектептішілік кезеңіне 8 тәжірибелі ұстаз қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, дәстүрлі сайыс екі жылда бір рет өткізіледі. Төрт кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы кезеңінде ұстаздар жеке көрмесін өткізді. Екінші айналымда қатысушылар “Мен – ұстазбын, мен – тұлғамын” тақырыбында 1,5 минуттық видео таныстырды. “Планеталар парады” тақырыбындағы үшінші турда ұстаздар 10 минуттық сабақ өткізді. Ақтық турады ұстаздар педагогикалық-ситуациялық сұрақтарға жауап берді.

Қатысушылар кәсіби тұрғыдан деңгнейлерін жоғары екендігін көрсетіп, қазылар алқасын таңқалдырды. Жарыс қорытындысы бойынша гран-приге қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жаннұр Мауытова табысталса, бірінші орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі Асел Батталоваға берілді. Мектеп директорының орынбасары Алия Хасенеева екінші орын статуеткасын химия пәнінің мұғалімі Айбар Мұрзабеков пен Асхат Жақсығалиұлына табыстады. Ал үшінші орынды өнер пәнінің мұғалімі Жұлдызай Ұзақбаева мен қазақстан тарихы пәні мұғалімі Ислам Ұзақбай бөлісті. Ал физика пәнінің мұғалімі Еркін Зейнолллаұлы мен дене шынықтыру пәні мұғалімі Алмас Исчанов арнайы грамотамен марапатталды.

Жеңімпаз атанған Жаннұр Мауытова енді Ақтау мектебінің абыройын желілік кезеңде қорғайтын болады.

Ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!