ЗИЯТКЕРЛЕР ЖЕЛІЛІК ОЛИМПИАДАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Оқу жылының екінші жартысы мектебіміз үшін керемет жаңалықтан басталды. Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 13 оқушысы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі пәндік желілік олимпиадасынан жүлделі оралды. Білімділер сайысы қаңтардың 4-і мен 7-сі аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтті.

Олимпиада нәтижесінде мектебіміздің 10-сынып оқушысы Арайлым Насуха орыс тілі пәнінен І орынға ие болса, 11-сыныпта оқитын Талғатұлы Сағынбек математикадан ІІ орынға, ал үздік оқушыларымыздың бірі 12-сынып оқушысы арман Жұмахан физикадан ІІ орынға лайық деп танылды. Қазақ тілі пәнінен олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен 11-сынып оқушысы Несібелі Алтыбай ІІ орын, ал 10-сынып оқушысы Дариға Болатбай ІІІ орын алды. Қазақстан тарихы пәнінен Айбек Алиев пен Ажар Мұсаева ІІІ орынды, Жігер Зайыров информатикадан ІІІ орынды, Бейбарыс Орынбасар географиядан ІІ орынды, химиядан Әмірбек Сағызбаев ІІІ орынды, ағылшын тілінен Айгерім Шораева ІІІ орынды, Темірлан Карасартов географиядан ІІІ орынды қанжығаларына байлап қайтты.

Жүлдегерлерімізді жеңісімен құттықтай отыра, оқушыларымызды тыңғылықты дайындаған ұстаздарымызға алғыс білдіреміз!