Сәуірдің 6-сы күні Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Ленинград облысының Заң шығарушы жиналысының мүшелері мен Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттары келді. Олар Зияткерлік мектебіндегі білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, мектепке кампус-тур жасады.
Ақтаудағы мектепке Ленинград облыстық Заң шығарушы жиналысының төрағасы Сергей Бебенин және оның орынбасары Николай Пустотин, «Единая Россия» фракциясының жетекшісі, заңдылық және құқықтық тәртіп бойынша тұрақты комиссияның хатшысы Олег Петров, тұрақты хатшының денсаулық бойынша орынбасары, «Единая Россия» фракциясының мүшесі Татьяна Тюрина, «Единая Россия» фракциясының мүшесі, білім, туризм, мәдениет, ғылым, спорт, транспорт, байланыс, құрылыс, жастар ісі және жол шаруашылығы бойынша тұрақты комиссия мүшесі Надежда Белова, «Справедливая Россия» фракциясының жетекшісі, білім және ғылым, мәдениет, туризм, спорт және жастар ісі бойынша тұрақты комиссияның төрағасы Александр Перминов, «КПРФ» фракциясының мүшесі, агроөндірістік шаруашылық,балық шаруалшылық кешені және құрылыс, транспорт, байланыс және жол шаруашылығы бойынша тұрақты комиссияның мүшесі Евгений Тирон, аппарат басшысы Андрей Коваленко және ауданаралық, халықаралық ынтымақтастық пен қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімінің басшысы Татьяна Толстова келді.
Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларымен әкімшілігі қонақтарды күтіп алып, заманауи білім беру үлгілерін көрсетті. Қонақтар алдымен медициналық блокты, жатақхананы көріп, кейін оқушылардың ғылыми жобалары қойылған көрмемен танысты. Көрмеге биотехлогия, химия, физика ғылымдарына қатысты жобалар мен архитектуралық макеттер қойылды. Мәселен, жақында ғана республикалық VIII Наурыз кездесулеріне қатысып, ІІ-орынмен оралған Назерке Аманқосова Астана қаласының 20-жылдығына арнап жасаған көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына оттегін тарататын жылыжайы бар архитектуралық нысанын таныстырды.
– Өздеріңіз білетіндей, көпқабатты үйлердің 5-қабатынан бастап оттек тұрғындарға жетіспей жатады. Бұл еңбек өнімділігін төмендетіп, адам денсаулығына кері әсер етеді. Бұл мәселені шешу үшін мен көпқабатты үйлердің төбесіне жылыжай орнатып, одан бөлінген оттегіні 5-қабаттан жоғары тұратын тұрғындарға таратуды, ал пәтерлерден бөлінген көмірқышқыл газын жылыжайдағы өсімдіктерге бөлуді ұсындым,- деп түсіндірді Назерке.
Қонақтар өнер кабинетіндегі оқушылар жұмыстарын көріп, мектеп кітапханасына келді. Мектеп кітапханашылары балаларды кітап оқуға қызықтыратын жобалар жайында және кітап қоры туралы баяндады. Ресейден келген қонақтар «Химия» блогында өтіп жатқан сабақтарға қатысып, оқушылардың лабораториялық жұмыстарын бақылады. Кейін мектеп оранжереясы мен биотехнология кабинетінде болды. Биотехнология пәнінің мұғалімі
Бекмұхамбет Жұмаев оқушылардың зерттеу жұмыстарын, оқушылар эксперименттерін көрсетті. Делегация мүшелері бала денсаулығын нығайтып, денесін шынықтыра түсуге арналған тренажер залын, спорт залдарын көріп, жоғары баға берді.
Келген қонақтар STEAM кабинетінде болып, робототехника саласындағы жетістіктермен танысты. STEAM кабинетінің жетекшісі Бақытжан Мұхаммед пен оның оқушылары қызықты роботтарының жұмысы туралы айтты.
Ленинград облысынан келген делегация мүшелері Қазақстанның білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерге жоғары баға берді.
Ақтау қаласындағы
химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
баспасөз қызметі