Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы Маңғыстау облысындағы байланыс және ақпарат қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтау мақсатында салтанатты шара ұйымдастырды. Білім ордасының кітапханасында өткен мерекелік шараға мектеп әкімшілігі және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 20 мектебінің баспасөз хатшылары қатысты.
Шараға Маңғыстау өңіріндегі БАҚ және республикалық деңгейдегі басылымдар мен телеарналардың меншікті тілшілері құрметті қонақ ретінде келді. Алғашқы болып мектеп директоры Ермек Пайзов сөз алып, ақпарат айдынында тынымсыз еңбек етіп жүрген қаламгерлер мен медиа саласындағы мамандарға алғысын білдірді. Журналистердің зияткерлік мектеп өміріндегі жаңалықтар мен маңғыстаулық балалардың жетістігін көпшілікке жеткізудегі еңбектерінің маңызы зор екендігін атап өткен ол, алғыс хаттар мен оқушылардың қолынан шыққан қыш құмыраларды естелікке тарту етті.
Айта кету керек, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ құрылғанына 10 жылдан асты. Биыл құрылғанына 100 жыл толған «Егемен Қазақстан» газетінің басылымының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі Гүлайым Шынтемірқызына және «Маңғыстау» облыстық телеарнасының директорының міндетін атқарушы Гүлнұр Ғазизқызына он жылдық төсбелгісі табысталды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз хатшыларының жетекшісі Мира Алипинова да сөз алып, Ақтаудағы зияткерлік мектептің баспасөз қызметінің журналистермен жұмысы үлгі екендігін ерекше атап өтті.
Кейін өңірге «Баспасөз хатшыларының жұмысындағы ақпараттық және PR басымдылықтар» тақырыбы аясындағы жиналған баспасөз хатшыларының дайындаған мерекелік концертін тамашалады.
Кеш барысында білім ордасы жүзеге асу жоспары бар жаңа жобаны таныстырды. 2019 жылы «Шелл Қазақстан» компаниясы мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Күн энергиясы – мектептерге» жобасының екінші кезеңі басталады. Биыл Орал, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріне күн жүйелерін орнату жоспарлануда.
Алғашқы болып Ақтау қаласындағы Зияткерлік мектеп жобаға енетін болады. Маусым айында «Шелл Қазақстан» компаниясы аталмыш жүйелерді іске қосып, білім ордасы пайдаланатын 25-30% жуық электр қуатын үнемдеу көзделуде. Жобаның салнатты ашылуы Астана күні қарсаңында 2019 жылдың 6 шілдесіне жоспарлануда.
«Шелл» әлемдік мұнайгаз брендінің «Күн энергиясы – мектептерге» атты пилоттық жобасы 2018 жылдың 1 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10-жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Дала Мұрагерлері» форумында таныстырылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуде «Шелл» компаниясының Қазақстандағы өкілділігінің басшысы Оливье Лазар концернның осы сынды мектептік жобалары жаңартылған энергия көздерін алу және жасыл энергетикаға көшуге үлкен септігін тигізетінің атап өтті.
– «Шелл» мен Зияткерлік мектептер арасындағы ынтымақтастық оқушылардың экологиялық ойлауын дамытып, жасыл энергетикамен таныстыру арқылы ғылыми жобалармен айналысуға мотивация береді, – деді мектеп директоры Ермек Серікұлы.
«Күн энергиясы – мектептерге» пилотты жоба «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, «Шелл» компаниясы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және энергетика министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында жүзеге асырылады.
«Шелл» –дың алғашқы күн энергиясын ел астанасында орналасқан физика-математикалық бағыттағы мектеп 2018 жылы пайдалана бастады. Мұнда қуаттылығы 100 Квт/сағат фотоэлектрлік панельдерімен жабдықталған арнаулы тұрақтар орнатылды.