Қазанның 23-28-і аралығында Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары Маңғыстаудың аудандары мен ауылдарын шарлап, зияткерлік мектеп тәжірибесін жалпы білім беру мектептерінің ұстаздарына таратты. Ұстаздар критериалды бағалау жүйесіне қатысты туып жатқан қиындықтарын айтып, түсінбеген сауалдарына жауап алды. Сондай методикалық көмекті Қарақия ауданындағы №6 мектептің ұстаздары да алды. Биотехноглогия пәнінің мұғалімі Бекмұханбет Жұмаев ұстаздарға Сабақта критериалды бағалауды қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті. Семинарға 1,2,5,7 сыныптарға сабақ беретін және басқада мұғалімдер, аудан әдіскерлері қатысты.
- Семинарда критериалды бағалау туралы түсінік берілді. Шеберлік сыныбын өткізген Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Жумаев Бекмухамбет қазіргі жаңарған білім мазмұнында бағалау, қалыптастырушы, тараулық жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау туралы кең түрде мағұлымат берді. Биология сабақтарында «Өсімдік және жануар жасушасының құрылысы» тақырыбы бойынша топтық жұмысты қалай ұйымдастыруға болатындығын өзімізге жасатып көрсетті. Жасаған жұмысымызға тақырып қойғызып, оған мақсат қойып, одан жетістік критерийлерін құрастырғызды. Сол бойынша тапсырмалар дайындап, ашық және жабық сұрақтар дайындадық. Өзімізді өзіміз бағаладық. Әлеуметтік желіліерді тиімді пайдалануды да айтты, – дейді семинар туралы биология пәнінің мұғалімі Жанат Унгарбаева.
Тәжірибелік көмек алған тағы бір мектеп №7 орта білім беру мектебі. Мұнда қазанның 24-і күні математика пәні мұғалімі Ұлболсын Каджаева «Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері» семинар өткізіп, шеберлік сынып көрсетті. Маманның сөзінше, семинар барысында «Бұл жүйе жалпы білім беретін мектеп оқушыларына тиімсіз, себебі: оқушы саны көп, тапсырмалар қиын, балалар ББЖ алғанда уақытқа үлгермейді»,- деген пікірлер көбірек айтылыпты. Десе де, тәжірибелі маман ұстаздарға барынша көмек беріп, сауалдарын практикалық жұмыс арқылы көрсетті.
- Мұғалімдерді шеберлік сыныбының мақсатымен, жүру барысымен, критериалды бағалау жүйесінің мазмұнымен таныстырғаннан кейін оларды әр топта математика пәні, бастауыш сынып мұғалімдері болатындай етіп топтарға бөлдім. Әр топтың қалыптастырушы бағалау қалай жүргізіліп, тапсырмалар қалай іріктеліп алыңғаны жөнінде есебін сұрағанымда, олардың қалыптастырушы бағалау жөнінде түсінігі жеткіліксіздігін байқадым. Яғни тапсырмалар оқу мақсатын ашатындай, оқушыға қолжетімді етіп таңдалмаған. Ол тапсырманы қандай мақсатта алғандықтарына да назар аудармаған. Мысал келтіре, себебін түсіндіре отырып, талқыланғаннан кейін мұғалімдер әр бөлікшенің мағынасын жете түсінді, – деді тренер Ұлболсын Каджаева.
Сонымен қатар, дескриптор құру жөніндегі түсініктерін тексеру мақсатында тәжірибелік жұмыс жүргізілді. Тыңдаушылар тарапынан
жаңа бағдарлама бойынша курстарды практик мұғалімдер бірге өткізсе, дене тәрбиесі, ағылшын тілі пәндерінен осындай шеберлік сыныптары, семинарлар өткізілсе деген ұсыныстар айтылды. Зияткерлік мектеп бұл ұсыныстарды қабыл алып, келесі жолы ұсыныстарды жүзеге асыруға тырыспақ.
Ақтау қаласындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
баспаөз қызметі.