АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР ҚАРТТАР ҮЙІНЕ БАРДЫ

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Ата-аналар айлығы” басталды. Бұл айлық кезінде барлық қушылардың ата-анасы мектеп өміріне тікелей араласып, балаларды тәрбиелеу жұмысына атсалысады. Мұндай ерекше шара зияткерлер ордасында екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Сәуірдің 13-і күні 7″D” және “С” сынып оқушылары және ата-аналары Маңғыстау облыстық қарттар үйіндегі қарияларға қайырымдылық шарасын өткізді. Оқушылар қысқа шығармашылық кеш өткізсе, ата-аналар дастархан жайды.

– Балаларды қайырымды болуға, үлкенді сыйлап, қадірлей білуге баулу мақсатында ата-аналар бас қосып, осындай шара өткіздік. Бұл үйдегі ақсақалдарымызды көріп, қатты толқыдық, – дейді ата-аналар кеш барысында.

Өз кезегінде қарттар үйінің тұрғындары кеш үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық тіледі.