«Ұлы дала мұрагерлері» халықаралық форум қатысушыларын тәнті етті

«Браво! Жарайсыңдар! Керемет! Қазақстан жастары тек алға!», бұл сөздер мен ду қол шапалақ қыркүйектің 21-і күні Ақтаудағы Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында өткен «Ұлы дала мұрагерлері» атты шығармашылық есеп кешінде үздіксіз айтылып, жас зияткерлерге үлкен дем беріп, киелі Маңғыстау жерінің жастарының делебесін қоздырған қолдау болды.  Ия, бұл мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасындағы біліммен тәрбиеге жұмсалған күштің нәтижесінің көрінісі, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тарихындағы ең керемет кештердің бірі болды десек артық айтпаймыз.

«Браво! Жарайсыңдар! Керемет! Қазақстан жастары тек алға!», бұл сөздер мен ду қол шапалақ қыркүйектің 21-і күні Ақтаудағы Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында өткен «Ұлы дала мұрагерлері» атты шығармашылық есеп кешінде үздіксіз айтылып, жас зияткерлерге үлкен дем беріп, киелі Маңғыстау жерінің жастарының делебесін қоздырған қолдау болды.  Ия, бұл мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасындағы біліммен тәрбиеге жұмсалған күштің нәтижесінің көрінісі, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тарихындағы ең керемет кештердің бірі болды десек артық айтпаймыз.

Қыркүйектің 21-і  күні Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұжымы мен оқушылары Ақтау қаласында өтіп жатқан «Жас. Жалын. Жаңғыру» атты Каспий маңы елдерінің жастар форумына белсенді қатысып,  әлеуметтік жобалар мен тәжірибелер негізіндегі «Ұлы дала мұрагерлері» атты шығармашылық есебін өткізді. Еліміздегі талантты да, талапты зияткерлердің басын Маңғыстау жеріне түйістірген бұл кеш көпшліктің есінде ұзақ сақталады деген сенімдеміз. Каспий маңындағы елдердің делегаттары мен облыс жастары, аймақтағы құрметті азаматтар, оқушылардың ата-аналары қатысқан шығармашылық кеш, қолөнер бұйымдары мен робототехника жобаларының көрмесінен басталды. Театр холында көздің жауын алар картиналар, сурет салынған тастар, тоқылған кілемшелер, кәжекейлер, орамал, көрпеше, ағаштан ойылған бұйымдар, тың идеялы жобалар, бәрі-бәрі оқушылардың дарындылығын, терең ойлайтындығын білдіріп тұрды. Концертке келушілер көрме бұйымдарын тамашалап, ұнатқандарын өте тиімді бағада сатып алып жатты. Ұйымдастырушылар түскен қаражатты қатерлі ісікке ұшыраған Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  9-сынып оқушысы Ордабек Райымбектің есепшотына аударатындығын айтты.

Ұлы дала ұландарының кешінде Орал, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау қаласынан келген 90 домбырашы «Сарыарқа» мен «Адай» күйін күмбірлете ойнап, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Атыраудағы зияткерлер ордасының үздік туындалырының бірі көлеңкелер театры,  ел тарихын сипаттайтын «Мәңгілік ел тарихы» атты қойылымды саханалап, жиналғандардың көзіне жас ұялатты.

  • Концерттен алған әсерім керемет. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жоғары деңгейде өткізген концертін көріп, Елбасының осындай жетістігіне мен қайран қаламын, – дейді Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің студенті Мақсат Дәулетұлы.

Кеш барысында «100 кітап» жобасының қойылымы білімді болудың басты жолы кітап екендігін шығармашылық тұрғыда көрсетті. Сонымен қатар, Талдықорғанна келген зияткерлер Абай өлеңдерінен хормен үзінді айтты. Оралдың барабаншылары жастардың ерекше қолдауына ие болды. Кеш Ақтау қаласындағы зияткерлердің  флешмобы және  «Елбасы мектебі» хорымен аяқталды. Содан соң, Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов сөз алып, шараны ұйымдастырушыларға ерекше алғыс пен ризашылығын білдірді.

Мен осы жердегі ең алғашқы рахметті Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлығының басын қосып, әркез көшбасшы болып жүрген Күләш Ноғатайқызына қазақ халқының атынан айтқым келеді. Құрметті Күләш Ноғатайқызы, бұл қасиетті, марғасқа Маңғыстау халқының пейілі деп қабыл аларсыз. Не үшін? Жаңа өзіміздің ұлдарымыз бен қыздарымыз өнер көрсетіп жатқанда, ана жерде отырған біздің көзімізге жас үйірілді. Бұл қуаныштың жасы, қазақ деген момын халықтың жүрегі жарылардай қуанғанындағы жасы… Айтуға да болатын, естуге болатын деген бүгінгі мынау Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жаңалықтарын бүкіл халыққа айтуға да, естуге де болады. Сөз соңында, Күләш Ноғатайқызы бастаған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барша ұстаздарына, оқушыларына, сіздерге қасиетті Маңғыстау елінің ыстық лебізі мен сәлемі, ықыласын қабыл алыңыздар дегім келеді. Сұлтанмахмұт Торайғыров: “Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, күн болмағанда кім болам?” деген. Сіздер әрқайсысыңыз өрмелеп шығатын, көпұлтты Қазақстанның, қазақ даласының үнісіздер. Біз бұған сенімдіміз! Өмірде оқ бойы озық болыңыздар!, – деді ол сөз соңында.

Рысгүл Рамазанова,

Ақтау қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

баспасөз хатшысы