Мамырдың 10-ы күні зияткерлік мектептің оқушылары мен ұстаздары “Сағыныш” трагикомедиясын көрермендерге тарту етті. Ұлы Отан соғысы кезіндегі барлаушы қыздардың өмірін суреттеген қойылым көпшіліктің көңілінен шықты. Оқиға желісін актерлік шеберлік үйірмесінің оқушылары мен ұстаздары өздері ойлап тапқан.
Басты рөлді көркемдік жетекші Шынарбек Шеркеш, өнер пәні мұғалімі Айдана Хамзина, химия пәні мұғалімі Ерболат Салават, 11-сынып оқушысы Шұғыла Жұмасатова, 9-сынып оқушысы Саяжан Сапарбай актерлік шеберліктерімен көрермендерді тәнті етті.
Фото авторы: Нұржан Ұлықбай, Рысгүл Рамазанова.