“Тәуелсіз ел тарихы шаңырақтар атауында” атты байқауы

Желтоқсанның 15-і күні  мектебімізде Тәуелсіздік мерекесіне орай, “Туған ел тарихы шаңырақтар атауында” атты музыкалық-танымдық композициялар байқауы өтті. Шаңырақ оқушылары бір-бірден бірігіп, Қазақстанның тәуелсіздігіне жеткізген тарихи оқиғалардан, еліміздің бүгінгі күнінен көріністер қойып, би билеп, өлең оқып, ән айтып, қадірлі мерекені ұлықтады.

– Шаңырақтар байқауы – зияткерлік мектепте тұңғыш рет өткізіліп отыр. Жарысты ұйымдастыруда мектеп директорының тәрибе ісі жөніндегі орынбасары Алтынзер Әмірқызы мен кураторлар бастамашылық танытты. Емтихан апталығына қарамастан оқушылар еліміздің егемендігін суреттейтін қойылымға асқан ыждағаттылықпен дайындалды, барынша креативтілік танытты, – дейді мектеп кураторы Ақмарал Алмабекова.

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған ерекше жобалардың бірі “Тәуелсіз ел тарихы шаңырақтар атауында” атты байқау еді. Әр шаңырақ тәрбиеленушілері өз атауларын тарихи оқиғаларымен байланыстыра отырып, әдемі таныстыруы керек еді. Қатысушылар бұл шұрғыда шығармашылық пен креативтілік танытып, бізге жаңа таланттарды ашты. Байқаудың толық нұсқасын Youtube арнамыздан көре отырыңыздар.

Фото авторлары: Диана Маратқызы, Нұрболсын Смет