Зияткерлік мектептің тәжірибе алмасу жоспарына сәйкес ұстаздар қазанның 23-24-і күндері Мұнайлы мен Түпқараған аудандарын да аралады. Білім ордасынан «Жаңа замандағы Қазақстан» пәні мұғалімі Салтанат Жалғасбаева, ағылшын тілі пәні мұғалімі Бекзат Қуаналиева, дене шынықтыру пәні мұғалімдері Асет Каукеев, Гизат Рамазанов, математика пәні мұғалімдері Қадырбек Даулетов пен Альбина Нұрланова барып, жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін түсіндіріп, өз пәндері бойынша бағалау критерийлерін түсіндіріп, семинар өткізді. Нәтижесінде, ұстаздар түсінбеген сауалдарына жауап алып, пікірлерін білдірді.
Мұнайлыға барған Бекзат Қуаналиева №7, №12 мектептердегі мұғалімдермен кездесті. Жиынға қатысқан 20-25 мұғалім жаңа бағдарламаны терең түсінуге уақыт тапшылық етіп жатқандығын айтты. Сонымен қатар, ашық есік күнін жиі өткізіп, практикалық сабақтарды көптеп өткізуді сұрады.
- Жаңа бағдарлама бойынша оқулықтағы тапсырмалар ұнайды. Себебі балалар үшін рухани құндылығымызды білу маңызды. Баланың ойлау, сөйлеу қабілетін дамытады. Балалар бұл жүйеге жайлап үйренеді деп ойлаймын. Бірақ жиынтық бағалау жұмыстары қағазбасшылықты арттырып жатыр, – дейді қатысуышлар.Мұнайлыға барған Бекзат Қуаналиева №7, №12 мектептердегі мұғалімдермен кездесті. Жиынға қатысқан 20-25 мұғалім жаңа бағдарламаны терең түсінуге уақыт тапшылық етіп жатқандығын айтты. Сонымен қатар, ашық есік күнін жиі өткізіп, практикалық сабақтарды көптеп өткізуді сұрады.
- Жаңа бағдарлама бойынша оқулықтағы тапсырмалар ұнайды. Себебі балалар үшін рухани құндылығымызды білу маңызды. Баланың ойлау, сөйлеу қабілетін дамытады. Балалар бұл жүйеге жайлап үйренеді деп ойлаймын. Бірақ жиынтық бағалау жұмыстары қағазбасшылықты арттырып жатыр, – дейді қатысушылар.
Ал дене шынықтыру мұғалімдері Каукеев Асет пен Рамазанов Гизат екі күн ішінде Ақтау қаласының №11 мектебі, Баутино ауылының М.Горький мектебі, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп, Қызылөзен ауылының Баймырзаев атындағы мектебіне барып «Дене шынықтыру сабағында жана әдіс-тәсілді қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
Шеберлік сыныпқа 5,7 сыныптарға сабақ беретін дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен бастауыш сынып жетекшілері және басқада мұғалімдер жалпы саны 25 мұғалім мен Маңғыстау обылысының жаңартылған білім беру бағдарламасының дене шынықтыру бойынша тренері қатысты. Мұғалімдер көкейіндегі жүрген сұрақтарын айтып, жауаптарын толық қанды алды деп ойлаймыз. Оларды практикалық сабақты көруге 11 қарашаға шықырып келді.
Ақтау қаласындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
баспасөз қызметі