STANFORD SUMMER SCHOOL

Маусымның 17-сі күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушыларға арналған Stanford Summer School курсының ашылу салтанаты өтті. Оқу орнының тарихынджа екінші рет ұйымдастырылып тұрған курс “Математикалық логика және есеп шығару” және “Биоғылым” бағдарламалары бойынша өтіп жатыр.

Әлемнің жетекші университетінің профессорларының жүргізуімен өтетін білім арттыру дәрістерге Тараз, Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Орал, Ақтау қаласындағы зияткерлік мектептерінен жиналған 40 оқушы қатысып жатыр.

Курс барысында қатысушылар биология мен математика саласындағы білімдерін, ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін арттырып, көңілді уақыт өткізу жоспарланған.

Алғашқы кездесуде оқушылар өз қалалары мен мектептерін қызықты өнерлерімен таныстырды.