СӘНІМАЙ ҰЗАҚБАЙ IELTS-ТАН 8.5 ҰПАЙ ЖИНАДЫ

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Сәнімай Ұзақбай халықаралық IELTS емтиханында жоғары нәтиже көрсетті

– Зияткерлік мектептер үштілділік саясатын қолдайды және болашақ түлектер үшін ағылшын тілінен емтихан тапсыру міндетті. Сәнімайдың көрсеткіші – мектеп тарихындағы ең жоғары көрсеткіш,– дейді ағылшын пәні мұғалімі Әсел Исмаханбетова

Емтихан ережесіне сәйкес Сәнімай Ұзақбай сөйлеу, тыңдау, оқу, жазу кезеңдері бойынша сыннан өтіп, 8.5 балл алған.

Халықарлық IELTS емтиханынан жоғары балл алуыма мектептегі мұғалімдердің сабақтары, қосымша мистер Брайнмен өткен сабақтар көп көмектесті. Ал жалпы емтихан тапсырмас бұрын, 20 күн бойы Кембридждың практикалық сұрақтарымен дайындалдым. Шетелде білім алу көп адамның арманы, ол үшін осындай емтихандардан өтуге тура келеді. Осындай мүмкіндіктер берген мектеп ұстаздарына алғыс айтамын,– дейді 12 сынып оқушысы Сәнімай Ұзақбай