КӘСІБИ БАҒДАР: ЗИЯТКЕРЛЕР ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАҒА БАРДЫ

Зияткерлік мектепте оқушыларға кәсіби бағдар беру маңызды бағыттардың бірі. Сол себепті оқушыларға түрлі мамандық иелері мен салалық ұйымдар таныстырылып, кәсіптің қыр-сыры ашылады. Сондай кездесулердің бірі Маңғыстау облыстық ауруханасында өтті. Медицина бағытын таңдаған 12-сынып 16 оқушысы аймақтың бас ауруханасының тыныс-тіршілігімен, құрал-жабдықтарымен танысып, дәрігерлермен тілдесті.
Аурхана басшысының орынбасары Үміт Темірғалиқызы аурухананың барлық бөлімдерін аралатып, оның атқаратын функцияларын түсіндіріп берді. Кездесу барысында болашақ түлектер мамандық таңдауға қатысты сауалдарын да қойды.