САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Зияткерлік мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы жаңа Президентін сайлауға дайындалып жатыр. Биылғы сайлау балалардың топтық жұмыс жасай білу қабілетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сол себепті Президенттікке үміткерлер өз партияларын құрып, оның мүшелерімен бірігіп, бағдарламаларын дайындады. Қыркүйектік 26-сы күні үміткер 4 партия өз бағдарламаларын таныстырып, оқушыларды қыркүйектің 28-і күні дауыс беруге шақырды. Біз де партиялардың бағдарламаларымен танысуды жөн көрдік

  1. «Бастау» партиясы;

9 оқушыдан құралған партияның жетекшісі 12 «С» сынып оқушысы Нұрдаулет Төребай;

Білім ордасының ең белсенді оқушысы ретінде Нұрдаулет егер Өзін-өзі басқару ұйымының президенті болған жағдайда мектеп оқушыларына төмендегідей мәселелердің шешімін табамын деп уәде берді.

  • Барлық пәндер бойынша оқу әдебиеттері базасын құру;
  • НЗМ рекорд кітабы;
  • Құрметті қонақтар кітабы;
  • Киберспорт;
  • Олимпиада ойындары;
  • Тағамдық автоматтар орнату;
  • Multicultural Exhibition;
  • Campfire meeting.
  1. «The Alliance» партиясы;

Биылғы оқу жылында өзін жаңа қырынан көрсетіп, көшбасшылық қабілетін дамыта түскен 11-сынып оқушысы Нұрболсын Смет болды. Ол өз бағдарламасын таныстыру барысында видео ұсыну арқылы мектеп түлектерін еске салды. 10 оқушыдан құралған «The Alliance» партиясының бағдарламасы мынадай:

  • Білім беру материалдары көрсетілген QR кодтар енгізу;
  • Күнделікті жаңалықтар салынатын Telegram канал ашу;
  • Әр оқушы өз ойын, арызын білдіре алатын «жедел желі» құру (горячая линия);
  • Киберспорттан турнирлер;
  • Чирлидинг;
  • «Х тұлға» жетістікке ие болған тұлғалармен кездесу;
  • Movie Fest;
  • K-pop dance contest;
  • Мұғалімдерге IELTS емтиханына көмектесу;
  • G-global (жаһандық тақырыптардағы сауалнамалар);
  • «Тәртіп сақшысы»;
  • НЗМ арасында челлендж;
  • Тақырыптық кештер мен дискотека;
  1. «Tolqyn un’i» партиясы;

2017-2018 оқу жылында аса белсенділік танытқан 11 «B» сынып оқушысы Айжұлдыз Надирханова да президенттікке үміткер. Ол президент болсам, балаларға мынадай жағдай жасаймын дейді:

  • NIS Radio;
  • Free Saturday;
  • Open space for students;
  • NIS champions league;
  • Website;
  • Hackathon;
  • Оқушылар рейтингі;
  • Room SES;
  • Онлайн кездесулер;
  • Feedback бұрышы;
  • Пайдалы ІС;
  • Жаттықтыр бұрышы;
  • Қайта өңдеу жұмыстары;
  • Еріктілер кітапшасы.
  1. «Qyran» партиясы;

11-сынып оқушысы Несібелі Алтыбай «Qyran» партиясын құру арқұылы мынадай жоспарды ұсынды:

  • «Болашақ айнасы»;
  • «На все успеть!» тайм-менеджмент сабағы;
  • «Өркен» жастар дебат клубы;
  • «КараОке» караоке сайысы;
  • «Free Fresh Food» ұлттық тағамдар жәрмеңкесі;
  • «Бір толқында» мектепішілік Dance Battle;
  • «Шыныққан шымыр болар» сыныптар арасындағы спорттық эстафета;
  • «Жайдарлы көңіл күй» оқушылар, ұстаздар қатысуымен жайдарман;
  • «Ұқсастық» пародия шоуы7

Өздеріңіз байқағандай, үміткерлердің бағдарламалыр күн санап күшейіп келеді. Осыны ескерее отырып, оқушылар дұрыс таңдау жасайды деп үміттенеміз.

Сайлау қыркүйектің 28-і күні таңғы 08:15-тен кешкі 16.00-ге дейін жалғасады.