Зияткерлікке қабылдау өтті

Қыркүйектің 17-сі күні білім ордасында 2019-2020 оқу жылында “Өркен” білім грантына ие болған оқушыларды зияткерлікке қабылдау шарасы өтті.

Мектепке алғаш қадам басқан оқушылар көпшілік алдында өз өнерлерін көрсетіп, жоғары сынып оқушыларының жетістіктерін тыңдап, атқарған жұмыстарын тамашалады. Кейін мектеп ережесімен етене жақын танысып, зияткерлікке ант қабылдады.