ОҚУШЫЛАР ОТБАСЫМЕН ӘН САЛДЫ

Зияткерлік мектептерде “Қазақтың 100 әні” жобасы өтетіні белгілі. Бұл жоба қазақ музыкасындағы ең үздік 100 әнді бала санасына құю мақсатында ұйвмдастырылған. Балалар әндердің шығу тарихын біліп қана қоймай оны жаттап, айтып өседі. Бұл еліңнің мәдениеті мен тарихына деген құрмет.

Құлақтан кіріп бойды алар әндер халық арасында әлі күнге дейін айтылып келеді. Оны балалар естіп-айтып жүр. Жобаны насихаттау мақсатында тәрбие блогы “Ұлттық құндылықтар” айында “Ата-анамен ән айту” жобасын ұйымдастырды. Әр шаңырақтан бір оқушының ата-анасы 100 ән тізіміндегі бір әнді баласымен бірге айтып, видео жолдау қажет. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл бала мен ата-ана қарым-қатынасын жақсартып, өзара жақындастыра түседі, отбасыдағы ынтымақтастықтың артуына ықпал етеді. Сіздердің назарларыңызға ата-аналарымен ән айтқан оқушылардың бейнеесебін ұсынамыз.

P.S. Еліңе, ұлтыңа деген құрмет оның мәдениетін, салт-дәстүрін сақтаудан басталады. Әнін айтып, күйін тартып, тілін сөйлеп, үнемі ізденуден жалықпаудан басталады. Сол себепті де жобаны ұйымдастырған тәрбие блогына алғыс білдіреміз.