Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Меруерт Асхат ағылшын тілінен халықаралық емтихан IELTS-тан 8.0 балл жинады. Зияткер емтиханды мамыр айында тапсырған.
– Ағылшын тілін меңгеруге деген қызығушылығым мектептегі пән мұғалімдерім Нағима Омарханқызы мен Әйгерім Сағындыққызының көмегінің арқасында оянды деп ойлаймын. Олар мені емтихан тапсыруға үгіттеп, өз күшіме сенімімді арттырды. Сонымен қоса, дайындық орталықтарының тәжірибелік сабақтары да көп көмегін тигізді, -дейді Меруерт.
Меруерт болашақ мамандығын медицинамен байланыстырғысы келеді және әлемнің үздік жоғары оқу орындарының студенті атанғысы келеді. Сол себепті де қорытынды емтихандарға қызу дайындық үстінде.