МАҢҒЫСТАУ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЛАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Мамырдың 19-ы күні Маңғыстау облысындағы мектептердің директорларына “Заманауи мектеп директорының моделі” тақырыбында арнайы семинар ұйымдастырылды. Мектеп кітапханасына жиналған 40-қа жуық білім ордаларының басшыларына зияткерлік мектеп директоры Ермек Серікұлы өз тәжірибесімен бөлісіп, Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебін басқарудағы ерекшеліктерді айтты.

Сонымен қатар, “Педагогикалық шеберлік орталығының” директоры Қатира Боранбаева “Мұғалім біліктілігін арттырудағы мектеп директорының маңызды рөлі” тақырыбында сөз қозғап, жаңа заман директорының моделін ұсынды.

Кейін мектеп директорының кәсіптік-сынама жұмыстары жөніндегі орынбасары Ринат Жұмабаев пен сыртқы істер жөніндегі директордың орынбасары Алия Хасенеева “Мектептің даму жоспарын құру ерекшеліктері” тақырыбында сөз қозғады.
Семинардан бейнеесеп тамашалауды ұсынамыз.