«Әкеге құрмет. Ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі»тақырыбында әкелер форумы

Әкелер форумы мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттырып, әкенің отбасындағы тәрбиеде маңызды рөл атқаратындығын көрсету мақсатында өткізілді.

Форумның пленарлық отырысында әкелер спикер ретінде сөз сөйлеп, әр түрлі тақырыпта ой қозғады. Алғы сөзді мектеп директоры Ринат Жұмабаев алып, әке ұрпақ тәрбиесінде ерекше рөлі атқаратындығын айтып, шараны сәтті бастады.
Зияткерлік мектептің үздік түлектерінің әкесі Берік Мұханбетов «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында сөз сөйлесе, әскери әке, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облыстық департаменті басшысының орынбасары Айдос Кикабаев «Әскери қызметке баса назар аудара отырып, патриоттық тәрбие беру» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай ақ, форумда педагог, «Тұлға боламын» жобасының авторы Сұлтан Тайғарин «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектепте бере алмайды» тақырыбында сөз сөйледі.

Әкелер форумының пленарлық отырысы аяқталған соң әкелерге арнайы шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Театр актері Тілеу Тохтамұрат «Актерлік шеберлік», витраж өнері бойынша өнер пәнінің мұғалімдері Алмагүл Жұмаева, Тоғжан Алтаева шеберлік сағаттарын өткізді. Шара соңында әкелер арасында волейболдан жолдастық сайыс өтті.

Құндылықтарға толы әкелер форумына 83 әке қатысты. Шараны ұйымдастырған педагог-ұйымдастырушы-кураторлар.