ИСЛАМ СТАМБУЛДА БІЛІМ АЛАДЫ

Ақтау қаласы химия-билология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Ислам Шамханов «Шетелде білім алу» халықаралық олимпиадасында ең жоғары ұпай жинап, Түркияның алдыңғы жоғары оқу орындарының бірі саланатын – «Kadir Has» университетіне білім грантын жеңіп алды.

Зияткерлік мектеп оқушысы «Compass Education» шетелдегі білім беру агенттігіның ұйымдастыруымен өткен байқауға алғаш рет қатысыпты. Сайысқа Жаңаөзен қаласынан бөлек Ақтау, Бейнеу мен Түпқараған аудандарынан орта мектеп, ІТ-лицей, мектеп гимназиясы, облыстық мектеп-интернатының оқушылары белсенді қатысты. Олимпиадының бірінші кезеңінде 159 оқушы бақтарын сынап, ең жоғары ұпай жинаған елу оқушы екінші кезеңге өткен болатын.

* Мамандығымды компьютерлі инженерия саласымен байланыстырғым келеді. Сол себепті байқауға қатысып, бағымды сынап көруді шештім. Мен барлығынан озып шығатынымды сезінбедім. Десе де бұл сынақтан сәтті өткеніме куанамын. Біраз дайындалдым, ең бастысы нәтиже бар,- дейді Ислам Шамханов.

Маңғыстауда екінші рет өткізіліп тұрған білім сайысында 25 оқушы жеңілдетілген степендияға ие болды. Оның төртеуі зияткерлік мектеп оқушылары. Compass Education» шетелде білім беру агенттігінің директоры Айжан Құлжабаеваның айтуынша, халықаралық олимпаданы өткізудегі негізгі мақсат – облыстағы талантты жастарды әлеуметтік қорғау, әлемнің үздік оқу орындарына білім грантын тағайындау. Сондай-ақ халықаралық деңгейде кадрларды даярлау арқылы адами капиталды дамыту.

* Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін биыл 58 түлек бітіріп шығады. 12-сынып оқу барысында оқушылар ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын халықаралық IELTS емтиханын тапсыратындықтан, шет ел университеттеріндегі білім гранттарына таласа алады. Біздің түлектеріміз әлі де бақтарын сынайтын болады, – деді білім ордасындағы кәсіби бағдар беру бойынша кеңесші Сәуле Алдабергенова.