Психолог блогы

Құрметтіата-аналар!

Төмендегі ұсынымдар сіздерге балаларыңыздың үй тапсырмасын дұрыс орындауын ұйымдастыруға көмектеседі.

Үй тапсырмасын орындауда балаларға қандай көмек көрсетуге болады?

Кіші мектеп жасындағы барлық балалар жақсы оқып, табысты болғылары келеді. Бірақ уақыт өте келе, әсіресе, жасөспірімдердің ынтасы жоғалады.

Себептері әр түрлі болуы мүмкін. Барлық оқушыларды мынадай топтарға бөлуге болады:

1. Жан-жақтыдамығанбалалар бар. Оларбарлық пәндер бойынша оқу материалын оңайәрі тез игереді. Олардыңбілім алуға дегенынтасыжоғары. Мұндайбалаларбарлық жағдайда мұқият,тәртіпті, ықыластыболады. Олар бір-бірінендербестігіменерекшеленеді. Ата-анасыныңқолдауынсезінеді. Осындай топтағы балалармен жұмыс жасауөте жағымды.

2. Жақсы оқи алатын, ақылды, қабілетті, жігерлі, бірақжалқау, жауапкершілік сезімі жетіспейтін, сыпайыайтқанда,«ұмытшақ» балалар мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді (Барлыққиыншылықтардың бастысебебі–дәптерімді, күнделігімді, оқулығымды ұмытып кеттім, үй тапсырмасын орындауға ұмыттым, сабақ кестесін қарауды ұмытып кеттім, эссе жазуды, өлең жаттауды ұмытып кеттім, т.б.). Мұндай балалар тез алаңдаушылық танытады, оларда оқуға, мақсат қоя білуге деген саналы көзқарас болмайды. Мұндай балалардың көптігі қынжылтады. Ең басты қиыншылық олардың үй тапсырмасын орындамауында болып отыр. Өткен тақырыпты қорытындыламайынша, ешқандай білім болмайды емес пе.

Құрметті ата-аналар! Міне, осындай жағдайда сіздің көмегіңіз бен қолдауыңыз қажет.

Оқушылардың оқуға немқұрайлы қарауына бірден-бір себеп ата-аналар тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, үй тапсырмасын орындауда қатысуының сезілмеуі. Өз балаларының оқуына қызығушылық танытпайтын да ата-аналар бар. Бақылаудың болмауы, назар аудармаушылық балаларды еркінсітеді, бұзады, егер біз оларды дер кезінде тәртіпке, оқуға, кез келген әрекет түріне жауапкершілікпен қарауға үйретпесек, болашақтағы талантты мамандарды жоғалтуымыз мүмкін.

3. Үшінші топқа мен математиканы, орыс тілі мен әдебиетін меңгере алмайтын балаларды жатқызар едім. Дауыстап нашар оқитын, құрдастарымен тіл табыса алмайтын балалар бар.

Балалардың ойлау қабілетінің әр түрлілігі және оларды оқыту ерекшелігі бар екенін мұғалімдер, ата-аналар, ересектер сезінуі тиіс. Балалардың ойлау қабілетінің басым бөлігін жетілдіру (әдетте мұндай балалар спортқа, музыкаға, сурет салуға, т.б. қабілетті), сол себепті жасөспірімдерге «сенімін жоғалтпауға», «уайымға салынбауға», өз-өзіне сеніп, оқудағы қиындықтарды бірте-бірте жеңуге көмектесетін қабілеттіліктерін дамыту. Бұл, өз кезегінде, осы мәселелерге басқа көзбен қарауға көмек береді. Күйзеліс және шындық.Осындай барлық балаларға оқуда және құрдастарымен қарым-қатынаста көмек беру қажет.

Кейбір негізгі ұсынымдар:

1. Балаларды тәртіпке және ұқыптылыққа үйрету, міндетті түрде тапсырманы орындау дағдысынқалыптастыру қажет.

2. Үй тапсырмасын белгіленген уақытта орындау қажет.

3.  Баланың бекітілген жұмыс жасау орны болуы тиіс.

4.  Балаңызды қарқынды, басқа істерге алаңдамай сабақ оқуға үйрету қажет.

5.  Баланы қатты қамқорламау қажет, тапсырманы өздігінен орындауға, өзін-өзі бақылауға, өзіне-өзі баға беруге үйрету керек.

6.  Адамға өз тілегінің иесі болуы үшін, мінез-құлқын басқару икемділігін үйрету қажет: қаламаймын, бірақ бүгін орындалуы тиіс тапсырманы ертеңге қалдыруға болмайды.

Нақты ұсынымдар:     

1.  Күнделіктері мен дәптерлерін жүйелі түрде тексеріңіз. «Екілік» бағасын түсіндіруді сұраңыз.

2.  Оған өз көмегіңізді ұсыныңыз. Қай пән қиындық тудыратынын біліңіз, міндетті түрде пән мұғаліміне жолығыңыз, кемшіл тұстарын анықтап, балаңызға көмек беруді бастаңыз.

3. Баланың орнына тапсырманы орындамаңыз, керісінше, қателерін көрсетіп, суреттер, сызбалардың көмегімен түсіндіріңіз. Тапсырманы бірнеше рет мән беріп оқыңыз. Кезең бойынша түсіндіріңіз. Баланы жаттап оқуға емес, түсініп оқуға үйретіңіз.

4.  Ауызша сабақтар бойынша түсінігін айтып берсін. Сіз үшін ол қызық екенін айтыңыз. Егер тақырып қиын болса, абзацтарға бөліңіз. Бала оқыған тақырыптың мән-мағынасын түсінуі тиіс.

5.  Балаңызды әрбір кішкентай жетістігі үшін мадақтаңыз.

6. Балаңызды жақсы көріңіз, оның бойына сенім ұялатыңыз. Сабаққа дайындығын бақылауда мейірімділік пен шыдамдылықтың басым болуы тиіс екенін есте сақтаңыз.  Қосымша сабақтардағы табандылық пен айқындалған жүйе жетістікке, оң нәтижеге жеткізуі мүмкін.

7.  Оқу қабілетінің жетілуіне баса назар аударыңыз. Мәтінді бір мезгілде жылдам оқу және мағынасын түсіну – алдағы уақытта барлық пәндерді сәтті меңгерудің кепілі.

Жасөспірімдердің дағдарыс жағдайларын алдын алу бойынша ата-аналарға арналған кеңестер

  1. Балалардыңотбасылық және тұрмыстық мәселелерін ашық талқылаңыз.
  2. Өзіңіздің балаларыңызға өмірлік мақсаттарынқұруға және оларға жетуге талпынуға көмек беріңіз.
  3. Кедергілерді жеңуге міндетті түрде әрекеттеніңіз.
  4. Жастардың кез келген тұрақты оң бастамаларын сөзбен және іспен қолдаңыз.
  5. Ешқандайжағдайдаденежазалауларын қолданбаңыз.
  6. Өсіп келе жатқан балаларыңызға сүйіспеншілікпен қараңыз, көбірек көңіл бөліңіз, еңбастысы, оларғасыпайылықтанытыңыз.

Барлығы қиналғанкездеқасыңыздантабылатын, қамқор, сүйіктіадамғабайланысты.Ол адам өзіне-өзі қол жұмсаудан құтқарып қалады.

Ең бастысы, өз балаларыңызды сол қалпында қабылдауға үйренуіңіз қажет. Себебі, біз, ата-аналар, байланысты қалыптастырғанда, баланың дамуына көмек бергенде өз еңбегіміздің нәтижесін көреміз.

“Не ексең, соны орасың!” –дейді халық даналығы.

Адамды, оның жер бетіндегі өмір сүру мәнін сол қалпындақабылдау – шын сүйіспеншілік болып табылады.

Сондықтаната-аналарға арналған кеңес қарапайым және қол жетімді: «Өз балаларыңызға сүйіспеншілікпен қараңыз, өзіңізге және олармен қарым-қатынаста шынайы әрі адал болыңыз».

 

Жасөспірімдердің дағдарыс жағдайларының БАЙҚАЛУ СЕБЕПТЕРІ

  • Ересектертарапынандостықкөңілдің болмауы
  • Жалпы өмірырғағының күртөсуі
  • Әлеуметтік-экономикалықтұрақсыздық
  • Ата-аналарарасындағы маскүнемдік пен нашақорлық
  • Жасөспірімдер арасындағы қатыгездік, психологиялық, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық
  • Жасөспірімдер арасындағы маскүнемдік пен нашақорлық
  • Болашаққа деген сенімсіздік
  • Моральдық және этикалық құндылықтардың болмауы
  • Өмірдің мәнін жоғалту
  • Өзін-өзі бағалау төмендігі, өзін-өзі анықтаудағы қиындықтар
  • Эмоционалдық және зияткерлік өмірдегі тайыздық
  • Жауапсызмахаббат

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУДАН ҚАЛАЙ ТОҚТАТУҒА БОЛАДЫ:

  • Баламенқамқорлыққарым-қатынасорнатыңыз
  • Мұқияттыңдаушыболыңыз
  • Қарым-қатынас кезінде шынайыболыңыз, алаңдатарлықжағдайтуралысабырлы және түсінікті болатындай сұраңыз
  • Психикалықжайсыздықкөзінанықтауүшін көмек көрсетіңіз
  • Барлықмәселелердісындарлышешугеболатынынаүміттендіріңіз
  • Балаңызғажекересурстардысаналы түрде меңгеруге көмектесіңіз
  • Баланың қазіргі табысынжүзеге асыру үшін қолдау көрсетіңіз және келешегін анықтауға көмектесіңіз
  • Жасөспірімдердімұқияттыңдаңыз!

Психологиялық жеңілдету кабинеті.

Психологке баруға тек күйзеліс, уақыт жетіспеушілігі, қысым және шаршау ғана себеп болмайды. Балаларға мектепте ұшырасатын үлкенді-кішілі көптеген мәселелер бар. Баланың проблемасын байқап, оның жалғыз емес екенін түсіндіре отырып, оған нақты көмек көрсетілетініне, шешу жолдары табылатынына сендіру – мектеп психологтарының басты мәселесі.

Мектепте психологиялық жеңілдету кабинеті жабдықталған. Психологиялық жеңілдету мектеп оқушылары мен қызметкерлеріне қарбалас жұмыс немесе оқу күндерінен соң қажет. Мұғалімдер мен оқушылардың бойындағы психологиялық қысымды жою мақсатында жұмыстар жүргізілуде.