БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ МОДЕЛІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары 2018 жылдың қарашасында оқу орнында Біріккен Ұлттар Ұйымының мектепішілік моделін клуб ретінде құрған еді. “MUN NISAKT” атауын алған клубта қазіргі таңда 40 оқушы көшбасшылық қабілеттерін дамытып, дипломатиялық қарым-қатынас негіздерін үйреніп жүр.

Наурыздың 25-26-сы күндері “MUN NISAKT” клубының мүшелері алғашқы конференциясын өткізді. әр елдің делегаты ретінде қатысқан оқушылар: UNICEF, state of Women, Food and agriculture organisation (секциялар) консулдары бойынша жұмыс істеді. Зияткерлер бала еңбегін пайдалану, ауыл-аймақтағы әйелдер құқықтары, жасыл қалаларды урбанизация арқылы көбейту мәселелерін қозғады.

– Біздің секциямызда конференция қатысушылары азық-түлік тақырыбын қамтыды. Әлем бойынша судың сапасын арттыру, урбанизацияланған елдерде жасыл-желекті көбейту, ауыл шаруашылығын дамыту, ауа ластану мәселесін шешу мақсатында көліктерді велосипедке ауыстыру шешімдерін ұсындық, -дейді конференция қатысушысы Айгерім Сакенова.

Ал, жаһандық мүмкіндіктер мен жобалық жұмыс пәні мұғалімдері қатысушылардың айтқан ұсыныстарын талқыға салып, бақылау жүргізді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі – әр білім беру ұйымында дипломатияға қызығушылығы бар балаларды анықтап, әйгілі Біріккен Ұлттар ұйымының форматында жұмыс істеуді мақсат тұтқан ұйым.