Аслан Бакуден қоламен оралды

Зияткерлік мектептің 9 «В» сынып оқушысы Аслан Бақытқалиев бізді тамаша жаңалықпен қуантты.
Ол Каспийдің ар жағындағы Әзірбайжан астанасы Бакуде грэплингтен 8-9 қарашада өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. 53 келі салмақта жасөспірімдер арасында бақ сынаған Асланның қарсыластарына қарағанда асығы алшысынан түсті.

– Грэпплингпен айналысып жүргеніме бір жыл болды. Ерекше қызығушылығымды байқаған бапкерім Ислам Долгатов көп бағыт-бағдар берді. Спортта бақ сынауыма мүмкіндік берген бапкерім мен ұстаздарыма, ата-анама алғысым шексіз. Алдағы уақытта бұданда биік белестерді бағындыруға еңбектенемін, – деп қуанышымен бөлісті Аслан.

Жарыста Қазақстан комадалық есеп бойынша Қазақстан екінші орыннан көрінді. Әлем чемипонатына әр түрлі елдерден 120 спортшы жиналған.

Талапты оқушымызды жеңісімен құттықтаймыз!