Каникулярлы мектепте 90 бала білім алды

Маусымның 4-і мен 8-і аралығында білім ордасындағы дәстүрлі 5-6 сынып оқушыларына арналған Каникулярлы мектеп өткізілді. Маңғыстау облысының түкпірінен жиналған оқушылар зияткерлік мектепте бір апта бойы білімін арттырып, дайындық жұмыстарын жүргізді. Жылына екі рет ұйымдастырылатын мектепке осы жолы 90 бала қатысты.

Айта кетейік, каникулярлы мектеп «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне» дайындық курсы есебінде жылына екі рет ұйымдастырылады. Бұл мектепке виртуалды мектепте жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар шақырылып, демалыс кезінде ағылшын, қазақ, орыс тілі және математика пәндерін тереңдетіп оқиды.

  • Каникулярлы мектепке қатысушылар санының артқаны қуантып отыр. Осы бірп апта ішінде біздің ұстаздарымыз үш қазақ, бір орыс тобын оқытып, мазмұнды шараларды өткізді, – дейді мектеп директорының орынбасары Ринат Жұмабаев.

Балалар сабақты жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқып, жаңа бағалау жүйесін көрді. Тәжірибелі мұғалімдер Зоя Туляева мен Гүлсайран Бахиқызы балаларға орыс тілінде еркін сөйлеудің, белгілі бір тақырыптарда ой білдіру тәсілдерін көрсетсе, қаза тілі пәні мұғалімі Айгүл Айтан мен Эльмира Бекгалиева ақсүйек, теңге ілу сынды ұлттық ойындарды ойнату арқылы сабақты қызықты қыола түссе, математика пәні мұғалімдері Ұлжан Каджаева мен Владимир Качнов балаларға түрлі тапсырмалар беру арқылы олардың қабілетін арттыра түсті. Ал Бекзат Куаналиева мен Хурия Павиз ағылшын тілі пәнін меңгертті. Ал математика пәні мұғалімі Жанат Қоңырбаева балаларға «қабілеттілік тесті» атты сабағын жүргізді. Бұл каникулярлы мектеп қатысушыларына жаңа сабақ, жаңа ақпарат болды.

Сонымен қатар, балалар таңғы флешмобта би билеп бойларын жазды, әр түрлі қызықты шараларға қатысты.

Ақтау қаласындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 

баспасөз қызметі