Спорт

        Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Дене шынықтыру және Алғашқы әскери дайындық әдістемелік бірлестігіжұмыс істейді. Бірлестік құрамында 8 мұғалім бар. Бірлестік жетекшісі –  Төлеген Темешев Талғатұлы.

        Мектебімізде дене шынықтыру сабағы жоғары деңгейде өткізіледі. Оқушылардың спортпен айналысуына толық жағдай жасалған. Мектепте 1 – спорттық, 1 – тренажорлық, 1 – гимнастикалық залдар бар. Үлкен спорт залда волейбол, футбол, баскетбол ойындары өтеді. 150 адамдық жиналмалы орындықтар бар. Электронды көрсеткіш тақта орнатылған. Тренажор залы жаңа заман талабына сай жабдықталған. Сонымен қатар 4 киім ауыстыратын бөлмелер шкафтарымен суға түсетін бөлмелерімен жабдықталған. Оқушыларға арналған 25 спорттық велосипед бар. Мектеп ауласында 4 ашық спорттық алаң орналасқан. Ол түгелдей қоршалған. Теннис алаңының өлшемі 23 х 10, баскетбол алаңының 29 х 17, волейбол алаңының 25 х 16, аралас алаңның (баскетбол, волейбол) 33 х 20, футбол алаңының өлшемі 56 х 23, жүгіру жолының ұзындығы 240 метр. Оқушылар бос уақыттарында спорт алаңдарына келіп, денелерін сергітіп, шынығады.

       Мектепте 7 спорттық үйірме жұмыс істейді. Атап айтар болсақ: үстел теннисі, футбол, волейбол (ұл, қыз), дзюдо (ұлдар), баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат.

  1. Үстел теннисіне – қатысатын оқушылар саны – 12. Әр сәрсенбі, сенбі сағат 15 35 – 17 05 – ке дейін өтеді. Үйірме жетекшісі – Темешев Т.Т. Үстел теннисіне қатысатын оқушылар облыстық жарыстарға қатысып, нәтижелерге жетті. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған жалпы білім беретін мектеп оқушыларының (ұл, қыздар) арасында үстел теннисінен облыстық жарыстың жекелей сайысында – Құлынтай Нұржас 2 орын, жұптық жүйеде Бақтыбаев Сержан мен Ақберген Абыз 2 орын , командалық түрде Бақтыбаев Сержан мен Ақберген Абыз, Исмагулова Камилла мен Абугалиева Сымбат 2 орынға ие болды. Сонымен қатар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Атырау қаласы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі филиалында өткен желілік спартакиадада үстел теннисінен дене шынықтыру пәні мұғалімі Каукеев А.К. 3 орынға ие болды.

  2. Футбол үйірмесіне қатысатын оқушылар саны – 18. Аптаның дүйсенбі, жұма күндері сағат 15 35 – 17 05 – ке дейін өткізіледі. Үйірме жетекшісі – Бексултан Кудабаев. Футбол ойынан әртүрлі мектепішілік жарыстар өтеді. Атап өтсек қазан айында дәстүрге айналған директор кубогі және де әр сыныптар арасында жарыстар болады. Мұғалімдер бейсенбі сенбі күндері жиналып футбол ойнап жарыстарға қатысады.

  3. Баскетбол үйірмесіне 14 оқушы қатысады. Әр сәрсенбі күні сағат 15 35 – 17 05 аралық уақытта өтеді. Үйірме жетекшісі – Толеуов А.М. Мектебіміздің құрама командасы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының №5 мектебінде оқушылар арасында өткен жолдастық кездесуде 1 орынға иеленді.

  4. Волейбол үйірмесіне 13 қыз, 15 ұл қатысады. Үйірме жетекшілері – Каукеев А.К, Махметова В.К. Үйірме әр аптаның сенбі күндері сағат 15:35 – 17 05 – ке дейін өтеді. Сынып және шаңырақ аралық мектепішілік жарыстар оздырылып отырады. Сонымен қатар мектеп мұғалімдеріне әр бейсенбі күндері волейбол ойыны өтіп тұрады, және ата – аналар арасында ынтымақтастық орнату мақсатында волейбол жарысы өткізіліп отырады.

  5. Дзюдо – үйірмесіне 14 оқушы қатысады. Үйірме жетекшісі – Арыстанов А.С. Үйірме әр аптаның сәрсенбі, сенбі күндері сағат 15:35 – 17:05 аралығында өтеді. 2016 оқу жылында Наурыз мерекесіне орай қазақтың ұлттық күресі – қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылып, дзюдо үйірмесінің оқушысы Шаншаров Мирланбек мектебіміздің «Түйе палуан» атағын жеңіп алды.

  6. Тоғызқұмалақ – үйірмеге 12 оқушы қатысады. Үйірме жетекшісі – Рамазанов Г.А. Үйірме әр аптаның дүйсенбі және жұма күндері сағат 15:35 – 17:05 аралығында өтеді. Өскемен қаласында 2016 жылдың 20 – 22 желтоқсан айында «Тоғызқұмалақ» ұлттық спорттық ойынының желілік спартакиадасына Асқар Ғаламмадин мен Амангелді Нұрай қатысып, сертификатпен марапатталды. Мектепішілік сайыстарда Асқар Ғаламмадин, Амангелді Нұрай, Айтжан Амантай, Джансатов Арман, Дәуіт Аружан, Мусаева Ажар қатысып жүр. Сонымен қатар, 2016 жылдың 28 қазан айында Қостанай қаласында өткізілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының мектеп мұғалімдері арасында тоғызқұмалақ жарысында Рамазанов Г.А. 2 орынға иеленді.

  7. Шахмат үйірмесіне қатысатын оқушылар саны – 13, Әр сәрсенбі, жұма күндері сағат 15:00 – 17:00 дейін. Үйірме жетекшісі – Орақов А.Б. Шахматқ үйірмесінің оқушылары қалалық, облыстық жарыстарға қатысып жүр. Дәстүрге айналған Қызылорда қаласында өткізілетін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының оқушылары арасында шахмат турниріне Илекеров Бейбарыс, Нуркамал Алихан, Корпебаева Венера, Бекес Эльмира, Қыдырғожаева Жадыра, Сарсенбекулы Данияр қатысып жүр. Сонымен қатар мектепішілік, қалалық, облыстық жарыстарға үйірмеге қатысатын оқушылар Раджапов Ислом, Сугуров Хамза, Илекеров Бейбарыс, Нуркамал Алихан, Корпебаева Венера, Бекес Эльмира, Қыдырғожаева Жадыра жоғарғы орындарға көтеріп дипломдармен марапатталып жүр.