ҒЫЛЫМ ДЕКАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Сәуір айы зияткерлік мектеп оқушылары үшін физика, химия, биология, математика пәні бірлестіктерінің бастамасымен басталған “Ғылым” декадасымен есте сақталмақ.

Дүйсенбінің таңында пән мұғалімдері оқушыларға ғылым саласына қатысты жұмбақтар жасырып, дұрыс жауап бергендерге тәттілер таратты.

Ал таңғы жиналыста мектеп оқушылары ғылым әлеміне жетелеген би қойып, ғылым декадасына арналған рэп оқыды.