От идеи – к реализации

  Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қарқия-Қаракөл зоологиялық қорықшасына кіретін, өлкедегі ең маңызды орнитология территориясы саналатын Қаракөл көліндегі экотуризмді дамыту идеясын ұсынып жүргендеріне бірнеше жыл болды. Әлі де ескерер тұстары болса да, біздің идеямыз ақыр соңында, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сакеевтің қатысуымен өткен жұмыс кездесуінде қолдау тапты.   

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты қолдануды реттеу басқармасының өкілдері, орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі территориялы инспекциясы, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы, облыстық білім басқармасы, «МАЭК-Казатомпром» ЖШС, «NCOC» трансұлттық концорциумы және де басқа да қызығушы тараптардың алдында «Қалалық сулы-шалшықты алқап антропогенді әсерге икемді экожүйе моделі» атты ғылыми жобаның авторы, 10-сынып оқушысы Дана Есбергенова мен оның жетекшілері зияткерлік мектеп директорының ғылыми-тәжірибелік жұмыстар бойынша орынбасары Бақытгүл Жақсылықова, «Колдау-Казахстан» көппрофильді коммерциялық емес холдингінің«Колдау-Экология» мамандандырылған орталығының директоры Әділбек Қозыбақов Қаракөлдегі «бердвотчинг» деп аталатын экологиялық туризмнің саласын дамыту кеңестерден тұратын презентациясын қорғады.

Бақытгүл Өмірханқызының сөзіне сүйенсек, оқушылар мен мектеп ұстаздары Үстірт қорығының қызметкерлерімен Қаракөлдегі құс санағына жыл маусымдарында тұрақты қатысып, «МАЭК-Казатомпром» техникалық көмегімен ұйымдастырылатын «Парктер маршына» атсалысады. Құстар санағы мен сулы-шалшықтың экожүйесін бақылау жұмыстарының нәтижесі Дананың ғылыми жұмысына еніп, өткен жылдың соңында Париж қаласында өткен  «The big Progress» байқауында халықаралық деңгейде мойындалды.Жас эколог ерекше су қоймасының жағдайын жақсарту туралы кеңестерін жетекшілерімен бірге арнайы дайындаған Қаракөл көлінің макетінің көмегімен айтты. Дананың айтуынша, Қаракөл көлін экологиялық туризмді дамыту объектісі ретінде дамытып, оның мекен ететін жануарларға ағартушылық сулы-шалшық орталығын құрып, экологиялық сүрлеу салып, шолу мұнараларын орнату қажет. Идеяны жүзеге асыруға жұмсалатын шығындар  кем дегенде алты жарым миллион теңгені құрап отыр. Бұл сомаға қажетті бақылау тұрбалары мен дүрбілер және фотоаппараттар және шолу мұнараларын дайындау және орнату кіреді.

Көлшік маңында орналасқан «Сая» демалыс үйінің директоры Ұлболсын Ахметова көлге жақын жерден Ақтау құс санаушылар клубына арналған демалыс үйін салуды ұсынды. «МАЭК-Казатомпром» ЖШС өкілдеріне көлдің қарама-қарсы тұсындағы екі нүктеге екі шолу мұнараларын орнатуға кеңес берілді.   Үстірт қорығының директоры Жалғас Устадов идеяны орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетімен келісу керектігін айттты. Себебі құстардың ұя салу кезінде оларды үркітіп алмас үшін көктемгі уақытта көл аймағында экскурсиялар мен тәжірибелер жасалмауы тиіс.

Сонымен қатар, ол, құстарға қауіпті емес уақытта да экскурсия белгіленген  экологиялық-туристік маршруттар мен қорық қызметкерлерінің қатаң бақылауымен жүргізілуі керек екендігін баса айтты.

Жиында бақылау тұрбалары мен дүрбілер және фотоаппараттарты демеушілер көмегімен мәселесінің түйіні шешілмеді. Бұл техниканы алуға бір жарым миллион теңге қажет етіледі. Шараның соңында аталған ұсыныстарды кезең-кезеңмен енгізу және қаржы көздерін іздеу үшін жұмс тобын құру шешімі қабылданды.