“Үздік ашық сабақ” өткізген ұстаздар марапатталды

Зияткерлік мектеп балалардың дарынын арттырып қана қоймай, мұғалімнің сабақ берудегі шеберлігін шыңдай түсуге де баса назар аударады. Ол үшін мектепте түрлі ішкі курстар, деңгей көтеру оқулары, байқаулар өткізіліп тұрады. Сондай ерекше жобалардың бірі -“Үздік ашық сабақ” байқауы. Бұл сайыс білім ордасында 2015 жылдан бастап өткізіле бастады. Жарыстың мақсаты – мұғалімнің тәжірибесін шыңдай түсу, оның жаңартылған бағдарламаға сәйкес озық, тиімді сабақ беруді дағыдыға айналдыруға ынталандыру.

Ескере кету керек, байқауға қатысушылары жыл санап өсіп келеді. Білім саласының алға жылжуына байланысты номинациялар да қосылып жатыр. Биылғы байқауға жаңа екі номинация қосылды. Нәтижесінде, “Ең үздік зерттеу-тәжірибелік сабақ”, “Ең үздік ағылшын тіліндже өткізілген сабақ”, “Цифрлық білім беру ресурстары қолданылып өткізілген ең үздік сабақ”, “Ең үздік командалық сабақ” және “Ең үздік дифференциациялы сабақ” номинациялары бойынша 27 мұғалім бақ сынады. Олар ақпан айы бойы әр сыныпқа ашық сабақтар өткізді. Әріптестерінің әдістемелерін бақылау мақсатында 208 мұғалім ашық сабақтарға кірді.

Тартысты сайыстың нәтижесінде:

— Математика пәні мұғалімі Альбина Нұрланова;
– математика пәні мұғалімі Владимир Качнов;
– дүние жүзі тарихы пәні мұғалімі Азамат Туйтин;
– физика пәнінің мұғалімі Лиза Хамитова;
– ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Анар Макирова;
– физика пәнінің мұғалімі Ольга Качнова;
– математика пәнінің мұғалімі Қадырбек Даулетов;
– математика пәнінің мұғалімі Үмітқаным Ашекенова І – орынға ие болды. Ұстаздарға жүлдені Ақтау қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының директоры Қатира Боранбаева мен мектеп директоры Ермек Серікұлы табыстады.

Алтыңғылықты еңбегімен көзге түсіп, ерекше сабақ өткізген:
– Биология пәнінің мұғалімі Гүлнұр Чандыбаева және Айгүл Балгалиева, Виджей Ишаак;
– қазақ тілі пәні мұғалімі Мөлдір Нагимуллина және Элмира Бекқалиева, Айгүл Айтан, Индира Абдрахманова;
– қазақстан тарихы пәні мұғалімі Шолпан Саменова мен Гүлжанат Құрманова;
– орыс тілі пәні мұғалімі Зоя Туляева;
– физика пәнінің мұғалімі Дамир Еркмалиевтер жүлделі ІІ -орынға ие болды.

Көптің ішінен үздік сабағымен ерекшеленген, баланың сабаққа ынтасын арттыра түскен:

– Математика пәні мұғалімдері Алия Ешпанова, Ұлжан Каджаева, Суюнбекова Ақтоты, Жадыра Сүндетова, Нұрлан Тайбазаров;

– қазақ тілі пәнінің мұғалімі Алмагүл Сарсенбаева;
– орыс тілі пәні мұғалімі Анар Исмагамбетова;
– ағылшын тілі пәні мұғалімі Айза Жанхановалар әртүрлі номинациялар бойынша ІІІ – орынға ие болды.

Сонымен қоса, 2017-2018 оқу жылында педагогика саласында ізденістері үшін, тыңғылықты еңбектері үшін:

  • биология пәнінің мұғалімі Гүлжан Каденқызы;
  • ағылшын тілі пәні мұғалімі Брайан Девис мектеп директорының құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ақпан айында “Эко Мангистау” үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен өткен “Зеленое лидерство” байқауында белсенділік танытқаны үшін:

  • биология пәнінің мұғалімі Лашын Бертілеу;
  • “Әбіш ата” шаңырағының кураторы Айгерім Қуанханқызы “Эко Мангистау” ҮЕҰ алғыс хатымен марапатталды.
  • Химия пәні бірлестігі байқауда белсенділік танытқаны үшін мектеп ұтып алған 100 мың теңгенің 20 мың теңгесін мектепті көгалдандыру мақсатында “Химия” пәні бірлестігіне табысталды.

Мектеп психологтары да мектепте тынымсыз жұмыс атқаратын мамандар. Олар үнемі байқауларға қатысып, педагогика мен психологиядағы білімдерін жетілдіріп жүреді.

  • Мектеп психологы Тілектес Оразбергенқызы білім саласындағы психологтар арасында өткен республикалық қашықтықтағы байқаудан ІІ орын алғаны үшін арнайы дипломмен марапатталды.
  • Ал мектеп психологы Айгүл Тынышбайқызы да аталған байқауда ІІ орын алды.