Сайыс 2 кезеңнен тұрады:
- Онлайн-тест
- Портфолио жинау
“Жыл оқушысы – 2018” конкурсына 8-11 сыныптар қатыса алады. Үміткерлер 22 Наурызға дейін өзін-өзі басқару ұйыма немесе сынып старосталарына тіркелуі қажет.
Тіркелу уақыты: 22 наурызға дейін
Онлайн-тест: 26 наурыз
Жұмыстарды өткізу уақыты: 20 сәуір 17:00 дейін
«Жыл үздігі» | 1. Үміткердің оқу озаты болуы;
2. Ғылыми жобалар байқауына, пәндік олимпиалаларға, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуы; 3. Мектеп қауымдастығына, облыс мектептеріне танымалдылығы. |
«Жыл белсендісі» | 1. Үміткердің мектеп ішінде, облыстық деңгейде қоғамдық жұмыстарға белсенді (өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі, көшбасшы, староста, волонтер, т.б.) қатысуын дәлелдейтін мәліметтердің болуы (бұйрық, кесте, жоспар);
2. Өзі айналысатын қоғамдық қызметі немесе өзі енгізген авторлық жобасы туралы аннотация жазу; 3. Мектеп әкімшілігі мүшесінің, кураторының, ата-анасының үміткердің қоғамдық қызметі туралы пікірлерінің болуы (50-80 сөз). |
«Жыл таланты» | 1. Үміткердің халықаралық, республикалық, облыстық, желілік, мектепішілік өнер байқауларына қатысқанын дәлелдейтін грамоталар мен сертификаттардың болуы;
2. Үміткердің халықаралық, республикалық, облыстық, желілік мектепішілік өнер байқауларына қатысқанын дәлелдейтін фотодәлел-дердің, ережелердің болуы; 3. Өз өнерін видеоға түсіріп, Youtube желісінде жариялау(қаралым саны ескеріледі). |
«Жыл спортшысы» | 1. Үміткердің халықаралық, республикалық, облыстық, желілік, қалалық спорттық жарыстарға қатысқанын дәлелдейтін грамоталар мен сертификаттардың болуы;
2. Үміткердің халықаралық, республикалық, облыстық, желілік, қалалық спорттық жарыстарға қатысқанын дәлелдейтін фотодәлелдер мен қатынас қағаздарының болуы; 3. Спорттық қабілетін көрсететін шағын 2-3минуттық видео; 4. Тренерінің, кураторының, ата-анасының пікірлерінің болуы (60 -80 сөз). |
«Жыл корреспонденті» | 1. Үміткерден мектеп, қала, аудан, облыс баспасөзінде жарияланған -3 мақала. (News and views, Смарт журнал);
2. Үміткердің операторлық қабілетін көрсететін видеоматериал – 3 (мектеп Youtube желісінде жарияланса +); 3. «Зияткерлік мектеп оқушысының өмірі» тақырыбында мақала жазу (300 сөз); 4. Үміткердің осыған дейінгі алған жүлделері – эссе, журналистика, шығармашылық, көрмелерге, байқауларға қатысу дипломдар, марапат қағаздарының болуы; 5. Үміткердің фотоаппаратпен жұмыстану қабілетін дәлелдейтін фотолар – 5 шт. |
«Жыл жетістігі» | 1. Үміткердің халықаралық, республикалық, облыстық, желілік пәндік және интеллектуалды олимпиадаларға, өнер байқауларына, қатысқанын дәлелдейтін грамоталар мен сертификаттардың болуы;
2. Үміткердің халықаралық, республикалық, облыстық, желілік пәндік және интеллектуалды олимпиадаларға, өнер байқауларына, қатысқанын дәлелдейтін фотодәлелдердің болуы; 3. Оқу үлгерімі туралы табель; 4. Жетекші мұғалімнің , кураторының, ата-анасының пікірлерінің болуы (40-70 сөз). |
«Жас ғалым» | 1. Үміткердің халықаралық, республикалық, облыстық, желілік ғылыми жобалар байқауларына, қатысқанын дәлелдейтін грамоталар мен сертификаттардың болуы;
2. Үміткердің халықаралық, республикалық, облыстық, желілік ғылыми жобалар байқауларына қатысқанын дәлелдейтін фотодәлелдердің болуы; 3. Ғылыми жобасы туралы аннотация жазу; 4. Ғылыми жетекшінің, пәндік жетекшінің, кураторының, ата-анасының пікірлерінің болуы (40-70 сөз). |