Зияткерлер эмоционалды интеллект ұғымымыен танысты

Қыркүйектің 23-і күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары қазіргі таңда кадр жөніндегі инспекторлар мен HR-менеджерлер арасындағы  аса танымал «эмоцинальды интеллект» түсінігімен танысты. Бұл тақырыптағы тренингті экономика ғылымдарының PHD, тәжірибелі тренер Жанна Джакупова өткізді. Өзектілігі артып келе атқан эмоционалды интеллект ұғымымен етене жақын танысу үшін біз де маманның ттренингіне қатыстық.

Айта кетейік, зияткерлік мектепте мұндай сабақтар жиі өткізіліп тұрады. Оқушы, мектеп, ата-ана қарым-қатынасын жақсарту мақсатында оқушылардың ата-анасы қызықты, пайдалы тақырыпта сабақ өткізіп, балалардың уақытын тиімді ұйымдастырады.

  • Бұл ата-анаға мектептегі ұстаздың рөлін ұғындыруға көмек берсе, балалар өз сыныптастарының ата-аналарымен етене жақын танысып, дәстүрлі білімнен бөлек жаңа ақпарат алады. Бүгінгі сабақ 12 «С» сынып оқушысы Айгерім Шайдуллинаның ата-анасының арқасында ұйымдастырылып отыр, – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынзер Ихсанова.

Алдымен, эмоционалды интеллект дегеніміз не және бізге не үшін керек? деген сауалға жауап іздейік.

Жанна Джакупованың сөзінше, эмоционалды интеллект – адамның эмоцияларды анықтай білу және өзінің эмоцияларын басқара білу қабілеті. Эмоцияларды басқара білу адамның командада жұмыс атқара білетіндігінің және проблемаларды шеше білетіндігінің көрінісі. Бұл түсінік 1990 жылдары қалыптаса бастаған.

Өзін-өзі ұстай білу жəне өзара əрекеттесудің сауатты үлгісін құру адамдармен тікелей қатынасуға байланысты қызмет салаларында аса маңызды. Тұлғаның кəсіби жетістіктері, сөзсіз, оның білімімен, қабілеттерімен,  дағдыларымен, жан-жақтылығымен жəне кеңінен ойлау білу қасиеттерімен, яғни оның  жалпы интеллект деңгейімен байланысты. Алайда көптеген жағдайларда интеллектінің жоғары деңгейіне ие болу жеткілікісіз. Эмоциялық интеллект  идеясының пайда болуы əлеуметтік идея турасындағы түсініктердің дамуы нəтижесінде мүмкін болды. Тұлға табыстылығының жалпы интеллект деңгейі мен əлеуметтік ортамен тиімді өзара əрекеттесуі арасындағы сəйкессіздіктердің жиі орын алуының нəтижесінде əлеуметтік интеллектінің жекелеген дара қабілет немесе тұлға қасиеті ретінде бөлініп қарастырылуына түрткі болған.

  • Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерілк мектебінің оқушылары болашақ көшбасшылар. Солс ебепті эмоцияны басқара білу оларға ең қажет қабілеттердің бірі деп есептеймін, – деді тренер Жанна Джакупова сөз барысында.

Маман балаларға эмоцияноалды интеллект адам болашағына тікелей әсер ететіндігін айтып, олармен сұрақ-жауаппен алмасты. Кейін мектеп директорының орынбасары Алтынзер Әмірқызы болашақ көшбасшыларға қажетті ақпаратпен бөліскендігі үшін ризашылығын білідіріп, алғыс хат табыстады.

Рысгүл Рамазанова