Сыңғырла қоңырау, сыңғырла!

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бүгін бесінші жаңа оқу жылына қадам басты. 2019-2020 оқу жылының алғашқы қоңырауын “Өркен” білім гранты үшін конкурстық іріктеуде ең көп балл жинаған Демиржан Шорман мен Индира Дүйсенбаева соқты.

Жаңа оқу жылында Каспий жағалауындағы зияткерлер ордасы 104 жаңа оқушыны қабылдады. Енді 4 қазақ, 1 орыс сыныбындағы бүлдіршіндер білім әлемінің құпиясына сүңгіп, көшбасшылар мектебінде тәрбиеленетін болады.

Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймыз!