Назар аударыңыз! Конкурстық іріктеу!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ақылы түрде оқуға қабылдауға конкурстық іріктеу жариялайды. Іріктеуге құжаттар 8-14 қазан аралығында қабылданады.

Конкурсқа өзге білім беру орындарында 8-9 сыныпта оқып жатқан оқушылар қатыса алады.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткердің заңды өкілі қабылдау комиссиясына көрсетілген мерзімде төмендегі құжаттарды әкелуі міндетті:

  • Өтініш;
  • Толтырылған анкета;
  • Заңды өкілдің ЖСН нөмері көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі (немесе паспорт немеке ЖСН нөмері көрсетілген жеке куәлігі);
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйымның үміткердің денсаулығы жайындағы анықтама;
  • Өткен оқу жылы мен биылғы оқу жылындағы сабақ үлгерімін көрсететін табель көшірмесі;

Талап етілген құжатқа білім беру ұйымының басшысының қолы қойылып, мөрі басылуы тиіс.

  • Негізгі мектепті бітіру туралы куәлік көшірмесі (болған жағдайда);
  • 3х4 фото – 2 дана;
  • Қазақстан Республикасында өмір сүруге рұқсат беретін құжат (ҚР резиденті болмаған жағдайда);

 

Аталған құжаттардың барлығы жинақталып, пластик папкаға (скоросщиватель) салынуы тиіс.

 

Қабылдау комиссиясының жұмыс күндері:

Дүйсенбі – сенбі: 09:00-17:00

Үзіліс: 13:00-14:00 аралығы.

Тел: 8 (7292) 70 10 66