ОҚУШЫЛАР “СҰЛУ ДА ҚҰБЫЖЫҚ” ҚОЙЫЛЫМЫН САХНАЛАДЫ

Зияткерлік мектептің оқушыларының жан-жақты дамуы үшін, беймәлім таланттарын ашу мақсатында мектеп мұғалімдері көптеген шараларды ұйымдастырады. Сондай ерекше шаралардың бірі “Ағылшын тілі және жаһандық перспекстивалар мен жобалық жұмыс” пәндерінің апталығында қойылған “Сұлу да құбыжық” қойылымы. Апталықтың басты мақсаты балаларға ағылшын тілін терең үйрету ғана емес, әлемдегі басты халықаралық тілді меңгерудегі мүмкіндіктерді көрсету. 11-сынып оқушыларының белсенділігінің арқасында қойылым ағылшын тілінде қойылды. Оқушылар өз мүмкіндіктерін көрсетіп, арасында жаңа таланттар да көзге түсті.

Жаһандық азамат түсінігін қалыптастыру мақсатында өткен ерекше көрініс үшін ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне алғыс айтамыз.

Фото авторы: Хадиша Сугурова