ПИЛОТТЫҚ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін тарату бойынша 2018-2019 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялау бойынша пилоттық мектептердің мұғалімдеріне«Мета танымдық дағдыларды дамыту арқылы оқушыларды жетістікке жетелеу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Шара бір мезгілде Ақтау қаласындағы №11 мамандандырылған физика-математика мектебі мен Түпқараған ауданы М.Горький атындағы мектеп-лицейінде өтті.

Ақтау қаласындағы №11 мамандандырылған физика-математика мектебіндегі семинардың ашылуына білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева, облыстық оқу-әдістемелік орталық директорының орынбасары Жұмабаева Жеміскүл Жеткізгенқызы қатысты. Пилоттық мектептердің атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.

Семинар барысында мұғалімдер Ақтау қаласындағы №11 мамандандырылған физика-математика мектебі мұғалімдерінің сабақтарына (қазақ тілі, ағылшын тілі, математика, Қазақстан тарихы, география, информатика, өзін өзі тану) қатысып, кері байланыс берді.