(«Қазіргі Абайтанудың бағыттары» секциясына)

Ихсанова Алтынзер Амировна

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Қазақстан Республикасы

Абай өмірі мен шығармашылығына қатысты мәліметтер телегей теңіз. Басқасын айтпағанда, Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезовтың зерттеулері поэзия алыбы турасында көп мағлұмат береді.

Абай өлеңдері мен өміріне қатысты үзінді әңгімелер мектеп бағдарламасында жылдардан жылдарға жалғасып оқытылып келеді.

Зияткерлік мектебінің «Кіріктірілген оқу бағдарламасына» сай 11 сыныпқа Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы оқытылу көзделген.

Үшінші оқу тоқсанында 24 сағат бөлініп, «Абай жолы» роман-эпопеясын оқыту жоспарланған. Шынымды айтсам, «өзім бірнеше рет оқыған романды оқыту  қиын емес» деген сенімде болдым. Тәжірибе кезінде оқу мақсаттарына сай, білу, түсіну, қолдану, салыстыру, талдау, шағын зерттеу, астарлы ойларды анықтау жұмыстары уақытты керек ететіндігін түсіндім. Екі оқу жылы бойына 11 сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен сабақ беру барысында тиімді оқыту әдістері арқылы роман-эпопеяны толық меңгерту жолдарын іздедім. Алғашқы жылы «Абай жолының» 1 және 2 кітаптарын ғана оқып үлгердік, 3, 4 кітаптарын қосымша сабақтар кезінде дәстүрлі әдістер арқылы өзіме түсіндіруге тура келді.  Абайтануға берілген мүмкін-дікті бұлай зая кетіруге болмайды, 4 кітабын да оқып, түсіну жолдары қажет деген тұжырымға келдім де, көп ойландым.

Оқушылардың Абайды тануға деген қызығушылығы, қазіргі заманмен байланыстыра білуі мені ерекше қуантты. Бағалай білсек, бізде төмендегі тиімді мүмкіндіктер бар екен:

  • Ең ұзақ оқу тоқсаны бойына әдебиеттен «Абай жолы» эпопеясын оқытуға бөлінген;
  • Оқушылардың қызығушылығы ерекше;
  • Кітапханаларда роман жеткілікті мөлшерде;
  • Интернет мәліметтерін алу мүмкіндігі бар.

Романның 4 кітабын да қамти оқыту мақсатында роман бөлімдерін сағат санына қарай жоспарлағанды жөн көрдім:

Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын бір оқу тоқсанына сыйғызып, күнтізбелік жоспардағы тақырыптарға сай роман бөлімдері төмендегідей реттелді:

Сабақ тақырып-тары

Оқу мақсаты

Дағдылар

Оқытылатын роман бөлімдері

1

 «Абай жо-лы» қалай жазылды?  Романға кіріспе. ТЖ5 Ұлттық және адамгершілік құнды-лықтардың маңыздылығын түсінеді. Әдеби қолданысын зерттейді. Ғаламдық мәселе-дегі контекстермен үндестіреді. [НЗМ ДББҰ ПӨО «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» нұсқаулығы 16-бет] Білімін қолдану, анализ Жазылу тарихы

2

«Қайтқанда» бөлімі

3

Абайдың ел ісіне араласуы ТЖ4 Оқылған қазақ, орыс әдебиетіндегі классикалық шығармаларды әлемдік деңгейдегі тақырыпқа байланысты өзекті мәселелермен байланыстырып, қанатты сөздер, дәйексөздер қолданып, нақышына келтіріп, жатқа айтады. [НЗМ ДББҰ ПӨО «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» нұсқаулығы 17-бет] Білу, түсіну, қолдану «Қат-қабатта», «Жолда»  бөлімдері

4

«Шытыр-манда» бөлімі

5

Абай – азамат ТЖ5 Ұлттық және адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын түсінеді. Әдеби қолданысын зерттейді. Ғаламдық мәселедегі контесктермен үндестіреді. [НЗМ ДББҰ ПӨО «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» нұсқаулығы 16-бет] Білімін қолдану, анализ «Бел-белесте» бөлімі

6

«Өрде» бөлімі

7

Әке мен бала.  Абай мен Құнанбай ара қатынасы ТЖ6 Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетінде кең көлемді шығармалардағы автор көзқарасын өз көзқарасымен дәлелдей отырып, таныстырады, түсінд. [НЗМ ДББҰ ПӨО «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» нұсқаулығы 16-бет] Сыни ойлау «Қияда» бөлімі

8

І кітапты аяқтау

9

Абай жолының халық жолына ұласуы. БС2 Көркем шығармадағы астарлы ойды түйіндей отырып, шығармада көтерілген мәселелерге сыни тұрғыдан баға береді, салыстырады, шағын зерттеу жұмысын жазады. [НЗМ ДББҰ ПӨО «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» нұсқаулығы 16-бет] Зерттеушілік дағды, бағалау «Тайғақта», «Жайлауда» бөлімдері

10

«Еңісте» бөлімі

11

Абай-жастарды жаңалыққа бастаушы БС5 Постерлерді, медиақұралдарын, ғаламторды пайдаланып, ғаламдық тақырыптар бойынша креативті ой қозғап, шынайы өмірмен байланыстырып, салыс-тырып, бағалап, шығарма жазады. [НЗМ ДББҰ ПӨО «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» нұсқаулығы 20-бет] Қолдану, бағалау «Оқапта» бөлімі

12

«Асуда» бөлімі

13

Абайдың  өнер-білімге ықыласы АИ1 Классикалық шығармалардағы автор көзқарасына сараптау жасап, тақырыбына анализ жасайды. [НЗМ ДББҰ ПӨО «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» нұсқаулығы 19-бет] Сыни ойлау «Тарауда»

14

«Биікте» бөлімі және эпилог

15

Абай –қоғам қайраткері АИ4 Көркем шығармада көтерілген мәселе мен ғаламдық  мәселе-лерге анализ жасай отырып, эссе жазады немесе ауызша таныст. [НЗМ ДББҰ ПӨО «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» нұсқаулығы 18-бет] Қолдану, сыни ойлау ІІ  кітапты аяқтау

16

«Абай аға»

17

«Абай жолындағы»  тарихи көркем шындық АИ4 Көркем шығармада көтерілген мәселе мен ғаламдық  мәселелерге анализ жасай отырып, эссе жазады немесе ауызша таныст. [НЗМ ДББҰ ПӨО «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» нұсқаулығы 18-бет] Қолдан, сыни ойлау «Кек жолында», «Қарашы-ғын»

18

«Өкініште»

19

Махаббат – мәңгі тақырып АИ1 Классикалық шығармалардағы автор көзқарасына сараптау жасап, тақырыбына анализ жасайды. [НЗМ ДББҰ ПӨО «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» нұсқаулығы 19-бет] Сыни ойлау «Қақтығыста», «Қоршауда»

20

ІІІ кітапты аяқтау.

21

Роман – эпопеядағы  ұлттық  руханият АИ6  Сыни тұрғыда өзіндік пікір айту үшін әлем әдебиетіндегі құндылықтар мен қазақ әдебиетіндегі үндесуін талдайды, өзіндік ой қорытады. [НЗМ ДББҰ ПӨО «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» нұсқаулығы 18-бет] Зерттеушілік дағды, анализ «Түн-түнекте», «Құз-қияда»

22

«Қапада», «Қастықта»

23

Ұлт құндылығы АИ7 Автордың өз заманындағы жаңа идея мен бағыттарға қосқан өзіндік үлесін анықтайды және талдайды. [НЗМ ДББҰ ПӨО «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» нұсқаулығы 18-бет] Анализ, сыни ойлау «Шайқаста», «Жұтта»

24

Эпилог. ІV кітапты аяқтау

 

Осы жоспарға сәйкес оқытылған кезде, романның аталған бөлімдерінен үзінділер беріліп, оқушының өздік оқуына бағыт беріледі. Басты идеялар анықталып, автордың астарлы ойы зерттелетін болады. Осындай тапсыр-маларды оқушылар өздері орындап, білімді өздері меңгереді. Басқа елдердегі немесе қазіргі заманғы роман оқиғасына ұқсас жағдайлармен салыстырып, тұжырым жасайды. Кіріктірілген бағдарламаның басты мақсаты да – осы.

Мысалы  «Абайдың ел ісіне араласуы» тақырыбында өтетін сабақта «Қат-қабатта», «Жолда»,  «Шытырманда»  бөлімдерінің мазмұны қолданылады. Оны барлығын оқып шығуға уақыт жетпейтіні белгілі. Сондықтан, автор идеясын түсіндіре алатын үзінділер беріліп, топта оқушылар талқысынан өтеді. Пікірталас туындайды. Бұл бөлімдерде жас Абай ел адамдарының араздығын, ол араздықтың басқа адамдарға әсерін түсіне бастайды. Әкесі Құнанбай Абайдың адамдармен қарым-қатынасын, үлкенді сыйлау ерекшелігіне сеніп, ел ісіне араластырады.

Романдағы Абай мен 11 сынып оқушыларының жасы шамалас.  Олар өздері туралы ойланады. Абай әке тапсырмасымен ел ісіне араласып, әкесімен араздасқан адамдардың Құнанбай туралы пікірлеріне баға бергенін түсінеді. Толығырақ түсінуі үшін, романды оқуға уақыт іздейді. Ең бастысы, кітап оқуға деген қызығушылық оянады. Оқушылардың алдағы әрекеттерін төмендегідей рефлексия кестесі арқылы білген тиімді.

 

Танысқан бөлімдер бойынша рефлексия  парағы

Бөлімдер

Мазмұнын түсіндім

Тағы оқуым керек

Осы білгенім жеткілікті

«Қат-қабатта»

«Жолда»

«Шытырманда»

 

Абайтануға арналған әр сабақта тапсырмаларды түрлендіріп, оқушылардың сыни ойлануын, өзара пікірлесуін, зерттеушілігін жетілдіруді мақсат еткен абзал. «Абай жолы» романының мазмұнын білгеннен кейін, оқушыларға сахнаға арналған қойылымның сценарийін жаздыруға болады. Нәтижесінде өздерінің сценарийі бойынша сахналық қойылым дайындатып, оларды көшбасшылыққа үйретуге болады.  Жұмыстың бұл түрі қазақ әдебиеті пәні, актер шеберлігі және вокал үйірмелерінің жұмысын біріктіреді. Қазақ әдебиетінен роман мазмұны пайдаланылады. Актер шеберлігі бойынша сахналық қойылым дайындалады. Вокал үйірмесі арқылы Абай әндері орындалады. Кіріктірілген оқу бағдарламасы мен тәрбие жобаларының интеграциясы жүзеге асады.

«Абай жолы» романының мазмұнын ғана емес, Абай бейнесін ашу үшін өлеңдерін де қолдану тиімді. Ақын өлеңдерінде халықтың тұрмысына алаңдап, мінезіне баға беру басым. «Күз» өлеңінде күз табиғаты мен адамдар күйзелісі қатар суреттеледі. Астарында өзінің туған ағасы Тәкежанға деген реніш бар. Осындай астарлы ойларды оқушылар өздері болжай алады. Мұғалім: «Өлең қандай оқиғаға байланысты жазылуы мүмкін?» деген сұраққа оқушылар болжам жасай отырып, сыни ойланады. Менің тәжірибемде оқушылар дәл осы сауалға: «Абай біреуге ренжіген», «малдың жұтқа ұрынғанын көрген», «күз суретін тірі ағзалар әрекеті арқылы көрсеткісі келген» деген болжамдар жасады. Үш түрлі жауап, үшеуі ақынның ойын түсіндіреді. Негізгі ойға, шынымен болған оқиғаға жақын жауаптар.

Қыс мезгілін суреттейтін Абай мен Пушкин жазған  өлеңдерді салыстыру тапсырмасы кезінде теңеулердің мағынасын түсіну қажеттігін түсінеді.

 

Абай Құнанбаев

Александр Пушкин

«Қыс»

“Зимнее утро”

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Вечор, ты помнишь, вьюга злилась,

На мутном небе мгла носилась;

Луна, как бледное пятно,

Сквозь тучи мрачные желтела,

И ты печальная сидела.

А нынче… Погляди в окно:

Под голубыми небесами

Великолепными коврами,

Блестя на солнце.

Снег лежит;

Прозрачный лес один чернеет,

И ель сквозь иней зеленеет,

И речка подо льдом блестит.

 

Абайдың «Қыс» өлеңіндегі қыс бейнесі «кәрі құдаға» теңеледі. Мұғалімнің көмегімен оқушылар қазақ халқы үшін құда ұғымының мәнін ашады. Құда келерде қазақ қалай дайындалса, қысты да сондай дайындықпен қарсы алу керектігі айтылады. Бұл мысал оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйретеді. Пушкин өлеңінде көңілі түсіңкі кейіпкерге: «терезеден қысқы табиғатқа назар аудар, аппақ қарға қарап, көңілің көтеріледі» деген ой бар екенін түсінеді.

Қазақ және орыс әдебиетіндегі теңеулерді салыстыра отырып, оқушылар әдебиеттің теориясын, авторлардың ойын түсінуді, өмірге қажетті жауапкершілікті игеруді қолға алады.

Кіріктірілген оқу бағдарламасы қазіргі Абайтануға нақты  бағыт береді. Осы мүмкіндікті игілікпен пайдалану арқылы біздер ұлттық және адамгершілік құндылықтарды оқушылар бойына сіңіре аламыз. Біздің міндетіміз – сыни ойлау тапсырмаларын түрлендіріп беру. Алынған нәтижелерге сай бағалау. Бағалаудың өзін құндылықтарды меңгеруге бағыттау. Қазыргі уақытта «Action Research» жобасы аясында зерттеу қорытындысы жазылу үстінде. 2016 жылы өткізілетін конференция жинағына жариялау жоспарлануда.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. [НЗМ ДББҰ ПӨО «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» нұсқаулығы.
  2. Мұхтар Әуезов «Шығармалары» І, ІІ, ІІІ,  ІV томдары, «FOLIANT» баспасы Астана-2013.
  3. Александр Пушкин «Поэзия» (176 стр) Издательство «Художественная литература», Москва-1982.
  4. Абай. Шығармаларының толық жинағы І том (78-бет), «Жазушы» баспасы, Алматы-2005
  5. «Абай жолы» романының 1, 2, 3, 4 кітаптары;
  6. М.Әуезов Таңдамалы шығармалар жинағының ХІ  томы («Абай жайын зерттеушілерге» мақаласы, 51-54 беттер);
  7. Д.Досжанов  «Абай айнасы» зерттеу монографиясы;
  8. Қ. Бітібаева «Әдебиетті оқыту»;
  9. З.Қабдолов «Менің Әуезовім» зерттеу монографиясы;
  10. К.Оразалин «Абайдан соң» романы.

 

«Абай-феномен» жинағы.