Жаңалықтар
"Даналық бейсенбісі" жобасы аясындағы кездесу
12 желтоқсан 2024 13:49
Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде "Даналық бейсенбісі" жобасы аясында Аризона университетінің профессоры Шамиль Саиевпен кездесу өтті. Есептеу химиясы ғылымдарының докторы студенттермен есептеу химиясы ашатын мүмкіндіктер туралы әңгімелеп, өзінің сараптамасы және тәжірибесімен бөлісті.
Шамиль Саиев оқушыларға есептеу химиясы мен физика саласындағы заманауи жетістіктер туралы, сондай-ақ бұл білімді күрделі ғылыми мәселелерді шешу үшін қалай пайдалануға болатындығы туралы айтып берді. Кездесу барысында профессор молекулалық процестерді модельдеудің соңғы әдістерін көрсетңп, бұл технологиялардың ғалымдарға жаңа материалдарды әзірлеуге қалай көмектесетінін түсіндірді. Мәселен бүгінде күн панельдерін жаңа органикалық материалдан әзірлеуге мүмкіндік бар.
Мектеп оқушылары профессордың әңгімесіне қызығушылық танытып, ғылым мен технологияның болашағына қатысты сұрақтарын қойды.