МЕКТЕПТЕГІ ЕҢ ҮЗДІК СУРЕТШІ

Зияткерлік мектеп оқушыларының шығармашылығын шыңдау мақсатында “Өнер пәні” және “ҚББМ” бірлестігінің ұйымдастыруымен “Жалынды жастар” мектепішілік суретшілер сайысы өтті. Оннан аса бала қатысқан жарыс екі кезеңнен тұрды.

– Қатысушылардың белсенділігі жоғары. Бірінші кезеңде үй жұмысы көрсетілді. Екінші кезеңде еркін тақырыпта сурет салды. Қазылар алқасына жеңімпазды таңдау оңай болған жоқ, – дейді өнер пәні мұғалімі Жұлдызай Ұзақбаева.

Нәтижесінде 8 “А” сынып оқушысы Дастан Чадыкулов І орынды, 8 “С” сынып оқушысы Айғаным Назарбек ІІ-орынды 7 “А” сынып оқушылары Джазилия Бердешбаева, Мадина Тальванбай -ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарға “МартART studio”-ның тегін шеберлік сағатына қатысуға арналған сертификаттар да табысталды.

Сонымен қатар оқушыларды дайындаған жетекшілерімен, әділ қазы алқасы және демеушілер алғыс хаттармен марапатталды.