Ақтаулық ата-аналар марафонға қатысуда

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің психологтар қауымдастығы республиканың ата-аналарына арналған бір апталық “Тәуір – сәуір” онлайн-марафонын жүзеге асыруды бастады.

Жабық онлайн-топтарда республиканың 20 қаласынан 600 -ден астам қазақстандық отбасы шараға қосылды.
Ал, Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектептің 50-ге жуық ата-анасы марафонға белсенді қатысып, карантиндегі күндерін тиімді өткізіп жатыр. Марафонды білім ордасының тәжірибелі психологы Айгүл Тынышбайқызы өткізіп жатыр.

– Ата-аналарымыздың белсенділігі қуантады. Марафонда түрлі жаңа деректерді, өздері білмейтін қырларын ашып жатыр. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Психологтар қауымдастығы белгілі педагог-психологтармен тікелей эфир де өткізіп жатыр. Төтенше жағдайдың тиімді өтіп жатқанына қуаныштымыз, – дейді психолог Айгүл Тасанова.

Зияткерлік мектептер психологтарының жаңа бастамасы ата-аналарға қашықтықтан оқыту күндері құнды тәжірибелік кейс ретінде әр жанұяда сенім, бірлік және өзара түсіністік жағдайын құруға және сақтауға көмектесуге бағытталған. Жаңалықтарды ➡️ @ nis_psysociety Инстаграмм парақшасында біліп отырыңыздар!