Робототехника

2016-2017 оқу жылының қыркүйек айынан бастап Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Робототехника» үйірмесі өз жұмысын бастады. Үйірменің мақсаты – оқушыларға роботтарды бағдарламалауды, құрастыруды үйрету және де жаңа технологиялармен таныстыру. Робототехника үйірмесінде робот жасауға қажетті екі платформада оқушылар оқытылады. Олар Lego Mindstorm NXT, EV3 және Arduino платформалары.

2016 жылдың шілде айында біздің информатика пәнінің мұғалімдері Маңғыстау облысындағы жалпы білім беру мектептерінің 114 информатика пәні мұғаліміне «робот техникасы» бойынша екі апталық біліктілікті арттыру курстарын жүргізді. Курстың бағдарламасы орта білім берудің қазақстандық жүйесіне енгізілетін педагогикалық инновациялар мәтінінде әзірленді. «Робот техникасы» элективтік курсында педагогтер Lego mindstorms EV3 және NXT Education жинағымен, роботтарды құрастыру және бағдарламалау элементтерімен танысты.

Жыл сайын “World Robot Olympiad” сайысының облыстық кезеңі НЗМ-нде ұйымдастырылады. 2016 жылғы кезеңде 6 оқушымыз (3 команда) жеңіске жетіп республикалық олимпиадаға Маңғыстау облысынң атынан бақтарын сынап қайтты.

Наурыздың 18-19-ы күндері Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде VII рет өткен “Наурыз кездесулері” ғылыми жобалар байқауына біздің мектебімізден 5 оқушы қатысып оның үшеуі жүлделі орындарға ие болып келді. Нұрлан Алдабергенов, Есет Сидешов және Сәттіғали Жолдасбай ІІІ орынға ие болды. Ал “Ақылды тақия” жасақтап шығарған Сәттіғали Жолдасбай “наурыз кездесулерінің” шымылдығын ашу құрметіне ие болды

Мектебімізде STEАM қағидаларына негізделген «Робот техникасы» курсы тұрақты жүргізіледі. Ол science (ғылым), technology (технология), engineering (инжиниринг), art (өнер) және mathematics (математика) бойынша оқытылады, оның міндеті нақты ғылымдарды оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалану болып табылады. «Робот техникасы» курсын оқыту оқушылардың инженерлік және дизайндық-ойлау, математикалық моделдеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.