💫💫READx ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ💫💫

Ақтау қаласындағы зияткерлік мектептің оқушыларын кітап оқуға баулитын READx жобасы биыл да өз жалғасын тапты. Қарашаның 13-і күні мектеп интернатының оқушыларына жаңа кейіпкерлер келіп, қызықты кітаптарға жарнама жасап, оқуды ұсынды.

Жүздесуде ағылшын тілі пәні мұғалімі Mr.Jaco және өнер пәні мұғалімі доктор Anna Philips, мектеп кураторы Ромат Сағынышұлы, мектеп баспасөз хатшысы Рысгүл Рамазанова және Жұлдыз Ерғазиева, Диана Сәлимгереева есімді оқушыларымыз қызықты кітаптарын ұсынды. Әдеттегідей әр спикерден кейін ол ұсынған кітапқа “оқимын” немесе “ойланамын” деген кері байланыс берілді. Осы жолы “оқимын” деп қол көтерген оқушылар көп болғандығы қуантады.