7-СЫНЫПҚА КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚҰЖАТ ТАПСЫРУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Назар аударыңыз!

7-сыныпқа іріктеу конкурсына құжат тапсыру 19 қаңтарға дейін жалғасатын болады!

📌📌 Іріктеу конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар:

 Конкурсқа қатысу үшін өтініш (қабылдау комиссиясы береді);
 Толтырылған сауалнама (қабылдау комиссиясы береді);
Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі,
Заңды өкілінің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
 086/у формасындағы медициналық анықтама;
 Үміткердің тұрғылықты орнын растайтын анықтама;
 Оқу үлгерімі туралы табель (ағымдағы оқу жылының ІІ тоқсанының нәтижесі, мектеп директорының қолы және мөрі міндетті);
 үміткердің 3х4 фотосы – 2 дана;
 Пластикалық файлды тезтікпе (скоросшиватель) – 1 дана (көк)

Құжаттарды қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

🌱Дүйсенбі-Жұма: 09:00-17:00
🌱Сенбі: 09:00 – 13:00
🌱Үзіліс: 12:30 – 13:30

Мекен-жай: Ақтау қаласы, 33 шағын аудан, 16 ғимарат
(Назарбаев Зияткерлік мектебі).